Індеттанулық мәліметтер: Нутталиоз - Африка, Европа, Азия, Орталық және Оңтүстік Америкада кездеседі. Ресейдің орталық облыстарында, Орта Азия мен Қазақстанда, жылқылардың 36% зақымданған. Елімізде нутталиоз оңтүстік облыстарда көбінесе пироплазмозбен аралас кездеседі.

Жылқының барлық тұқымы, әсіресе, шет жақтан әкелінген асыл тұқымды жылқылар шалдыққыш келеді. Жергілікті байырғы жылқылар ауруға төзімді болады, себебі, олар жылда кенеге таланады да, табиғи түрде иммунитет тұрақтылығы пайда болады. Індеттанулық тізбегін зерттегенде табиғатта нутталиоз ауруының резервенті ауырып, кейінен ауру жасырынды түрге айналған малдарда жиі байқалады. Ауру биелерден іштегі құлынға да жұғуы мүмкін.
Ауыру мерзімі: Ол тасымалдаушы кенелердің биологиясына байланысты, көбінесе көктем – жаз айларында өріс алады. Егер кенелер шөппен әкелінсе, жылдың басқа айларында да шығуы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда нутталиоз пироплазмозбен бірге өтеді, ал, Европалық аудандарда нутталиоз пироплазмоз біткеннен кейін өршиді.

Егер, негізгі тасымалдаушылар Hyalomma және Rhipicephalus туысына жататын кенелер болса, ауру қатты өтеді. Қоздырушылардың вируленттік қасиеттері жоғары болып, өздерінің тұрқысы ірілеу болып келеді. Ал, негізгі тасымалдаушылар Dermacentоr туысына жататын кенелер болса, ауру жеңілдеу өтеді.
Аурудың өршуі мен клиникалық белгілері.
Аурудың өршуі мен клиникалық белгілері.
Нутталиоздың өршуі пироплазмозбен ұқсас, бірақ, қанның құрамындағы өзгерістер қаттырақ болады, сосын қалпына келуі ұзаққа созылады. Аурудың жасырын кезең – 10-14 күн. Малдың денесінің қызуы 41-42о градусқа дейін көтеріледі және денесінің қызуы тұрақты емес, құбылмалы болады, яғни бірде көтеріліп, бірде төмендейді. Қаназдық, дененің сарғыш тартуы байқалады. Тамыры жиі соғады. Кілегей қабықтары қанталайды. Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылып, мал арықтайды. Малдың іші кебеді, аяғына сары су жиналады. Кейде гемоглобинурия байқалады.
Эритроциттердің саны және гемоглобиннің мөлшері 2-3 есе азайып, СОЭ төмендейді. Жіті түрде ауырған мал екі аптаның ішінде өледі.
Созылмалы түрде ауырған малдың көбісі 1-2 айдың ішінде жем – шөбі, күтімі жақсы болса жазылып кетеді. Бірақ, олардың эритроциттерінде 1-2, кейде 15-18 жылға дейін нутталиялардың ұсақ сатылары байқалады. Нутталиозбен ауырып жазылған жылқылар қайта ауыруы да мүмкін.