Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



бет27/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

$ 2. Психика және жануарлар мен
адмның бейнелеу ерекшеліктері

I Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сырткы; заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Мұндай жайт психиканың, сыртқы орта мен объективтік шындыктың өзара шартты байланыста екенін көрсетеді Сыртқы нәрселердің адам миына эсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мст сезімдер, тағы басқа да психикалық процестер пайда болады. Сонымен, психика дегеніміз — үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялык процсетердід ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы корытылады. Адам езінің максат-мүдделеріне оран оларға тітіркеніп икемделеді. Осы жайттар психика адамның өзін қоршаған сырткы ортамен қарым-қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екенін көрсетеді.


Адам ясихикаеыньщ пайда болуы, дамып жетілуі — тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық енбегі, дыбысты тілі және сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды, Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, материалдық сипаты бар зат та емес, Ол — адамның миында бейнеленетін таңба,; әсер. Адам күнделікті Іс-әрекетінде максатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат-мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбектенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытура қолайлы жағдай тудырады.
Жануарлар психикасын адам психикасымен салыстырғанда, адам өзі өмір сүрген ортамея тығыз байланыста болып, белгілі заңдылық-тар бойынша дамиды, сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Сөйтіп, өз ықпаына бағындырады сырттан алынатыя сан алуан хабарларды бұрынан қалыптаскан іс тәжірибесімен салыстырады. Ненің пайдалы, ненің зияиды екеніне ой жүгіртіп, сарапқа салады.Адам пснхикасының дамуы болмыс пен дүниенің шындығын айна тәрізді бейнелеумен ғана шектелмей, оны ақыл-оймен саналы түрде қорытады. Мұндай әрекет дам психикасының терең сырларын, өзіндік ерекшеліктерін айқындай түседі. Адам психикасының дербестік сипаты сыртқы ортамен қатынаста болып, объективтік дүние мән-мазмұнының субъективтік түрде бейнеленуі үнемі бірлікте болып отыратындығын көрсетеді. Адамның психика-лық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі — сыртқы дүние мен болмыстын адам миында қалай бейнеленуіне байланысты. Әркімнің өмір тәжрибесіне, білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады. Болмыс пен шындықтық қаншалықты дұрыс бейнеленгендігі адамның қоғамдык-тарихи тә-жірибесімен салыстырылады. Мұндай жайт адамның өмір тәжірибесіне сүйене отырып бейнеленген ұғымдарын, ғылыми мағлұматтарын .мүлделерін шындыққа жанастыруда, олардың ақиқаттығын дәйектеуде -елеулі қадам жасайтындығын көрсетеді.
Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл — табиғи заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойғы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады, Материя табиғатын зерттеу әр қилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс ~ материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ішінде де қозғалыс, даму процестері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болып, үнемі өзгеріп, дамып отырады,
Барлық материяға — жайсыз заттардан бастап ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя — адам миына да тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі — материяның сыртқы әсерге жауан беруі. Жансыз заттың жанды—- материяға ауысуы да, оның қозғалыс түрі де өзгерістерге ұшырайды. Материяға тән жалпы қасиет — биологиялық бейнелеу формасы. Жанды матерняның
белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.
Бұл — сан жөнінен табиғат дамуындағы жана баскьа Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптген түрлері келіп шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне орай, әлсіз тітіркенуден бастап бейнеле- дің күрделі түрлері болып саналатьш түйсіну, қабылдау ес, ойлау сияқты формалары пайда болды. Сөйтіп, психикалық тіршілік әр түрлі салаға жіктеледі.
Барлық өсімдіктер мен жәндіктер дүниесіне тән биологиялық бейнелеу қасиеті — тітіркенгіштік. Тітіркіну — тірі организмдегі биологиялық мәні бар сыртқ әсерге жауап беретін биотоктік қасиет. Мұндай қасиет өте қарапайым бір клеткалы тірі организмдерде, мысалы, амебаларда да болады. Ал сол қарапайым, көзге кө- рінбейтін организмдердің биотоктік әсерлерге қозғалып тітіркенуі тропизмдер не таксистер деп аталады (бұл мәселе ұшінші тарауда толық баяндалған).
Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудін бір турі — сезімталдық — тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық сигнал (белгі) қызметін атқарады. Тірі организмдердің эволюциялық даму барысы мен тітіркену қасиетінің сезімталдық қасиетке өту жолында олар- дың тіршілік бейнесіне орай әр түрлі сезім мүшелері қалыптасады. Организмнің сыртқы жағдайдың әсеріне тіркенуі мен бейімделуі жіктеліп, бөліне бастайды. Әр бір мүше өз алдына арнайы қызмет аткаратьш дәрежеге жетеді.
Жануарлар психикасының бұдан кейінгі эволюциялық дамуында инстинкттік (соқыр сезімдік) әрекеттср мен дағдылар қалыптасады. Егер инстинкт жануарлардың әрекеті мен қылығындағы бейімделу қасиеті болса, ал олардың дағдылары әрбір жәндіктің дара тіршілігі-нің әрекеті болып саналады. Жануарлардың психикасы дамып, жоғары сатыға көтерілген сайын олардың өмір-ітіршілігінің ең, жоғары басқышы — иителлекттік мінез пайда болады.
Жануарлардың интеллектті мінезі — олардың заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелеу үстінде бұрын кездес-тірмеген жаңа міндеттерді шеше бастауы. Интеллекттік мінез — жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі ғана емес, олардың сол орта әсеріі қабылдап, әр қилы әрекет-қылық көрсетуі. Ал адам ба-ласы өзінің саналы әрекеті арқылы өмір сүрген ортсына бейімделіп қана қоймай, оны жоспарлы түрде өзгертеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет