Үшінші бөлім
ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІ
ХІ тарау. ТҮЙСІК
§ I. Түйсік туралы түсінік
Түйсік — материялық дүниедегі заттар мен кұбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйну дегеніміз — дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмай-ды. Ол — біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады Сол шьшдық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік — сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүнненің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы — осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәлімет-тердің бәрі де дамға осы баспалдақ арқылы жетеді.
Адамнын, дүние шындығы мен болмысын танып білуі — диадектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның “нақты айымдау” не “тікелей таным процесі” деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен кұбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда больш, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік — тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процестер — ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды-
Түйсік қарапайым психикалық процесс деп аталғанымен, ол — адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу кызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процесі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отырады. Сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жануарлар мен адамдарға ортақ. Алайда, сезімдік бейнелеу түрлері — түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес. Егер сезімдік процестер жануарлар дуниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процестері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отырады.
Дүниетзнудың, жалпы таным процесінің жоғары сатысы — абстрактылы-теориялық ойлау. Ол — тек адамға ғана тән қасиет, Абстрактылы-теориялық ойлау сезімдік танымға негізделіп, өзі танып білген бейнелердің мән-мазмұнын енбектену процесіндегі іс-әрекеттері мен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық проце- сінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |