IV. Йіс түйсіктері мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына түрлі химиялық заттардын әсср етуінен пайда болады. Кілегей қабықта иіскеу клеткаларының орналаскан аймағы 5 см2-ден аспайды, Тітіркендіргіштер әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының, астыңғы жағында ор-наласқан иіскеу орталығына жеткізеді. Сол кезде талдау басталып, адам иіс түрлерін айырып байқайды-
Иіс түрлерін жіктеп бөлу ғылымда әлі жете зерттелмеген мәселелер қатарына жатады. Сондықтан иіс түрлері иіс шығаратын заттардың атымен аталады. Мысалы, жусан иісі, лимон иісі, алма иісі, бензин иісі т. б. Иіскеу клеткаларына тітіркендіргіш ретінде әсер ететін, өаарда қозу тудыратын — ауада газ немесе бу түрінде ұшъш жүрген химиялық заттар. Адам ауаны ішіне тартып тыныс алғанда, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялық элементтер иіскеу клеткаларына келіп ериді. Жануарлар өмірінде иіскеу түйсігінің биологиялык рөлі ете күшті. Көптеген жануарлар өз қорегін исі арқылы тауып алып қоректенеді.
Адам өмірінде иіскеу рецепторының рөлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен өмір тәжірибесіне сәйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды. Мәселен, Африкадағы бушмен тайпалары арыстаннын, жирафтың, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады. Олар иісті ен жақсы аңшы иттерден артық сезеді. Ал Үндістанда жыланның жатқан жерін иісінен білетін адамдар бар. Сонымен қатар, жылан шақкан малды, оның етін жеген адамдарды {оқ жыланның) исінен ажырата білу қазақ халқына да тән қасиет.
Иісті нәзік сезіп, ажырата білу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ иісінен “таниды”; Адамның дамуында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады. Мәселен, жаңа туған бала алғашқы жетіде-ақ анасының емшек сүті мен сиыр сүтін исінен айырады да, емізіктегі сүтті сорғысы келмейді. Жейтін тағамның организмге пайдасы мен зиянын айыру үшін де иіскеу талдағыштарының адам өміріндегі манызы ерекшс,
V. Дәм түйсіктері. Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін — белгіл; дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең кеп орналасқан жері — тіл аймағы. Дәмді тәтті, ащы, тұшы, қышқыл деп ажыратады. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Тзтті дәмді тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, тұщыны — тілдің ұшы мен екі беті түйсінеді. Егер әлдебір нәрсені тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды
Балада дәм түйсіктері ерте дамиды. Бұлар түрлі тағамдық заттардың касиеттерін айыру жолымен жетіледі. Дәм түйсіктері адам психологиясына түрліше әсер етіп, дәмді тағамдар — адамның тәбетін ашал.ы Тәбет — дәм жүйкелерін қоздыратын психикалық әрекет. Асты көңіл койып, сүйсіне ішу адамға жағымды әсер етеді. Желінетін тағамның дәмі тек дәм түйсігіне ғана емес, иіскеу түйсігімен де байланысты. Тұмауратқан адамның иіскеу түйсігі нашарлап, ас ішіп отырғанда, иіс түйсігі өз қызметін атқармайды да, дәм түйсігінін тууына себепші болуға жарамайды. Соның салдарынан тағамның дәмін адам түйсіне алмайды. Дәм рецепторы-нын организм сақшысы ретінде күзетшілік маңызы да бар.