Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы



бет28/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы

Сана — адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол — ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың кызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар — дыбысты тіл мен еңбек.


Дүниетану теориясының даму жолдарын В. И. Ленин ““Философиялық дәптерлерінде” баланың есеюі, жануарлардың жетілуі, тілдін даму тарихы (“мұны айрықша ескеру керек” дейді де), бұл салалар бойынша пскхология мен сезім мүшелерінің физиологиясын қоса зерттеу қажет деген міндеттерді қосу белгісімен арнайы атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол еңбегінде бұл сапалардың бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен диалектикалық қалыптасуына негіз болатындығын да жазған,
Жоғарыда айтылған мазмұндар мен келтірілген дәйектер психика-ның дамуы мен адаи санасынын қоғамдық-тарихи сипатта болатынын түсініп, оның мәнің жете игеруді қажет етеді. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білу-ден абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы — ақи-қатты, объективтік шындыкты таньга білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен қорыта айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психнологияның гносео-логиялық негізі болып саналады.
V т а р а у. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ПСИХОЛОГИЯСЫ

  1. Адамдар арасыидағы қарым-қатынас. Топтар

Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы сондай-ак, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мумкін. Ал ұстаздар мектеп окушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мудделері топтаскан ұжым құрып, ресми топка айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қаръш-қатынасқа түседі. Мұндай жардай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат — әр адамның әлеуметік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де — қоғам мүшесі әрі әлеуметгік тұлға. Сондықтан, онын өмір-тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады,


Шартты және байланысты топтар — әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топка жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына т. б. сәйкес бөлінуі мүмкін. Оған енгізіл-ген адамдардың бір-біріне және осы топқа тікелей жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топка қатынаста тұрады, Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеп алынып зерттеледі Мұндай зерттеу әлеуметтік психология-ның объектісіне жатады.
Байланысты топ — белгілі кеңестік пен мерзім арасында мақсат-мүлделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұетаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар брнгадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы —- мұның бәрі бйаланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы — адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар құрды. Ал кооперациялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ құрайды Мысалы, пойыз ішіңдегі бір купеде келе жатқан жолаушылар біршама уақыт өткен соң өзара тіл табысып, станция-ларда бірі қажетті, нәрселер,сатып әкеледі, енді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, қалжың әңгімелер айтып, қасындағыларды көңіл-дендіреді. Сөйтіп, кездейсоқ адамдар тобы арасында' қарым-қатынас орнайды. Әдетте, мұндай топ өз арасындағы біреуді басшы тұтъш, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды. Өздерінше ішкі топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты. Ұйымдаскан осындай бір.топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді. Бұған әскери бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін-бірі толықтырады, Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өндіріс бригадасынын ұй-еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі осыған мысал бола алады,
Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кезкелген топтың сайлап алған, не белгілеп койған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мүлделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшының жетекшілігімен әралуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі болуы жетекшіге байланысты. Тәжірибелі ұстаз, тәлімгер мен тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет