§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіскеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бас тап адамның сыртқы бес сезім мушесіне орай керу, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецеіпторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі Тітіркендіргіш пен рецеп-торлардың жанасуына сәйкес не олардың жанаспауына орай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бөлінеді. Олар жақын ортаға бағдарлануды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік (сипау) түйсіктері түйісу рецепциясына жатады.
Орналасуы мен тітіркендіргіштерді қайдан алатынына карай рецепторларды үш топқа бөлуге болады-экстерорецептор (көру, есту, тактильдік т. б.); проприорецептор (бұлшық ет, сіңірден шығатын түйсіктер) және интерорецепторлар (аштықты, шөлдегенді түйсіну) болып бөлінеді Организмнің сыртында орналасқан қоз, кұлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері — экстерорецеп-торлар Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипатгарын бейнелейді. Бұлшық, ет-терде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім м\шелерін интерорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органиқалық түйсіктер деп те атайды
Жануарлар дүниесінің эволюциялық даму процесінде сезгіштіктің және түрлері (ауырғанды сезіну), жаңа түрлері (тактильдік түйсіну, дистанттық түйсіну т. б.) деп бөлшуі жалпы түйсікті бірнеше негіз-дерге сүйене отырып топтастырьш, жіктеп, өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттерін барынша ашып көрсетудің жолы мен тәсілдері болып саналады.
Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің өресі мен диапазоиьшын өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Халық мақалындағы “Мың рет естігеннен бір рет көрген артық> деген түсінік осындай тәжірибеден туындаған. Көз арқылы жарықтың қуатын, түр-түсің үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозға-көріп білеміз. Заттар мен кұбыдыстардың- жеке сипаттарын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен,көру түйсігі арқылы іске асады.
Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Көру түйсігінің ұзындығы — 390—780 миллимикрон (миллиметрдің миллионнан бір бөлігі). Осы арқылы жарық толқындарын бір-бірінің түрлі сипаттарына қарап айыруға болады: а) Толқынның ұзындығы онын, бір секунттағы шайқалу санына байланысты. Шайқалу жиілей түссе, толқынның ұзындығы қысқара береді, шайқалу саны азайған сайын толқынның ұзындығы арта бастайды. I секунтта ең аз шайқалатын ұзын толқындар қызыл түсті көрсетеді, көп шайқалатын ең қысқа толқындар күлгін түсті бейнелейді. Әр түрлі толқындардың қандай түс түйсігін тудыратындығы миллимикрон есебімен алғанда мынадай сипатта болады:
380—450 миллимнкрон — күлгін түс;
450—470 -”- — көк түс;
470—480---- көгілдір тус;
480—490 -”- — көгілдір жасыл
590—510 -”- — жасыл көгілдір
510—560 миллимикрон— жасыл түс
560—575 -”- — сарғыш жасыл түс,
575—590 -”- — сары түс.
590—610 -”- — қызғылт сары түс;
610—780 -”- — кызыл түс.
ә) Жарық толқындары шайқалу амплитудасы арқылы бір-бірінен айырылады, Бұл толқынның энергиясына байланысты. Шайқалу амплитудасынан біз түстіқ анықтығын байқаймыз.
б) Жарық толқындарының түріне қарап, бір-бірінен айыра аламыз. Жарықтың түрі түрлі ұзындықтағы толқындардың өзара араласуынан туады. Түстердің қоюлығы жарық толқындарының түріне карай болады,
Заттар мен нәрселердің түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғнн бояусыз (ақ, қара және барлык сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалык түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық, түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады. Түстің ашық болуы -” түстердің кара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ак түс — ең, жарык түс, қара түс жарықтығы ең төменгі түс болып саналады. Түстердің, өңі дегеніміз — бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы — жарықтығы бірдей сұр түстерден жеке түстердін айырмашылығы. Ең кою түс — қызыл түс.
Көру мүшесі — көз. Онын, негізгі бөлімі — көз алмасы (20-сурет). Көз алмасының ішкі ортасын толтырып тұрған мөлдір қоймалжың зат — шыны тәрізді дене. Екі бүйірі-нен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді көз алмасын қоршап тұрған үш қабық бар. Сыртқы қабықты ақ қабық деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |