Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия



бет64/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп икемделеді. Бұл құбылысты адаптация дейді. “Адаптация” — латын сөзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді. Сезім мүшелерінің бейімделіп адаптациялануы түйсіктің кез-келген түрінде кездеседі. Мысалы, көру түйсігіндегі адаптацияны қарастырайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде көз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл — қарашықтан өтетін жарық мөлшері де 17- есе көбейеді деген сөз. Қараңғыда көздің көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті әсер етеді. Олардың әлсіз жарықты да сезгіштік қасиеті % мол. Мәселен, 30—40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Адаптация құбылысына шеткі жүйке жүйесімен бірге ми қабығы да қатысады. Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей дс қалады. Температуралық түйсіктердің адаптациясы мол. Мысалы, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез теселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады-
Адаптацня иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мәселен, камфараның исі 1—2 минуттан кейін сезілмей-тін болса, ал қыша мен нашатр спиртінің иісіне бейім делу тезірек болады. Ауырсыну туйсіктеріндегі адапта-ция өте әлсіз, ауырсыну организмнін қалыпты жу.мысы-ның бұзылғандығын, онын. биологиялык рөлін көрсетеді. Адаптация — үнемі өзгеріп отыратык сыртқы дүние ті-тіркендіргіштеріне талдағыштардын, қалай да бейімдс-ле алатындығын байқатады.
Сенсибилизация” — латын сөзі, казақша мағынасы — сезгіш. Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінін түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, ал сенсибилизация — сезгіштіктің тек артуьш ғана көрсететін құбылыс Сезім мүшелерінің біреуікік әсершен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Ұшқыштардын. түнгі ұшуға даярлану кезінде көздерінс 20—30 мннуг бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыдан. Бірсыпыра пснхологиялық зерттеулерде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене имылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған.
Синестезия”— грек сәзі. Қазақша мәнісі қосарласқан түйсік дегенді білдіреді. Тітіркендіргштср сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сезін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен — жылылықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суыкты сезінсді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйеіктерінде кездесіп отыратын осы кұбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір көрікісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет