Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары



бет82/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары

Әр адамның қиялы әр түрлі. Бір адамнын қиялы бай, өрісі кең, шындыкпен орайласып, тиісті мақсат-мүддені жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Ал екінші біреулердің қиялы өрісі тар, жетілмеген, пәрменсіз. Шындыққа сай келетін қиялдардың мазмұны терең олар өмір тәжірибелеріне, білімге негізделген. Мысалы, американдық ғалым Эдиссон қиялы күшті дамыған адам болған. Ол бір машинаны үш түрлі жолмен жасауға болады деген пікірмен келіспей, оны 48 түрлі жолмен жасауды ұсынған. Мұндай қиялдан жаңаны іздеп табу, белгісіз нәрсені ашуға ұмтылу әрекеті байқалады.


Шындық нәрсенің өңін айналдырьш, теріс түсінетіндер де болады. Адамдардың қиялы бір-бірінен пәрменділігімен де ажыратылады. Мысалы, біреулер мәселент шешерден бұрын бар ақыл-ойын сонын төңірегіне жинақтап, әр сөзін таразылап, терең ойланаду, басқалармен кеңесіп, тәжірабе жасайды. Мұндай іс-әрекетте адам өз кейіпкерлерімен іштей араласып, сырласады, олармен бірге өмір сүреді.
Қиялы әлсіз адамдар кітап оқыса, қызықты оқиғаларды ғана іздеп, оны түгел оқымайды. Шын мәнісіндегі қиял ғана адамды жемісті іс-әрекетке. белгілі мүддені орындауға жетелейді, оның рухани өсуіне де ерекше ыкпал етеді.


§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде
қиялдың дамуы

Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Екі жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл факті жас баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады. Дамудың бұл кезеніндегі өзгешілік — балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдық элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады Балабақшадағы бүлдіршіндер “Теміржол” ойынын ойнағанда, әрқайсысы белгілі рөлді орындайды. Осындай ойын әрекеттерінен олардың қиялы толыға түседі, жаңа рөлдер тауып алады. Бұл шығармашылық қиялдың белсенді қатынасынан туындайды.


Ойын әрекеті бала қиялыи тәрбиелеп, дамытуда күшті рөл атқарады. Сондай-ақ, ол балалардың табиғи белсенділігін, қозғалғыштығын, дара психикалық процестерін де дамыта түседі. Мысалы, құрылыс ойындары, теміржол салу, үй тұрғызу, сауыт-фабрикалар орнату т. б.
Жеткіншектер қиядың дамытудағы әрекет — сурет салу, Сурет салуда олар түрлі елестерін, есте қалғандарын сыртқа өздерінше шығарады. Мектеп жасындағы балалар қиялының жүйелі дамуы ғылым негіздерін меңгерумен байланысты. Олар өз қиялының өнімін енді сын елегінен өткізіп, шындыққа жақын бейнелер жасауға ұмтылады.
Ересск адамдар қиялы олардың өмір сүрген ортасы мен тіршілік тәжірибелерінің нәтижелеріне орай дамып отырады, Әр алуан ғылыми жетістіктер, техника мен өнердегі орасан зор табыстар, өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы жаңалықтар, мұның "бәрі — ырықты қиялдың жемістері.
Адам қиялсыз өмір сүре алмайды, қиял шындық болмыспен ұштасып, адамды жаңа істерге, меңгерілмеген нәрселерді игеруге, ғылым мен техникадағы, өнер мен көркем әдебиеттегі жаңа белестерге ынталандырьш отырады.

XVI тарау ЕС






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет