Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі



бет89/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі

Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрдслі. Оның негізі — жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі, Сезгіш дегеніміз — ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикуляр-лық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретнкулярлык формацияның өрлеуші төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшей-тіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі (35, 36-суреттер).


Ми алаптары жұмысының реттеліа (қозып. тежсліп) тұруы нәтажесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады.
Әр түрлі импульстар жоғарыдан (ми кабығынан) теменгі ми алаптарына {ми бағанасы т. б.) келіп, оларды өзіне бағындырады. Бұл төмендеуші ретикулярлық формация деи аталады 1958 — 1960 жж. АҚШ оқьшыстысы Г. Мэгун, Италия ғалымы Моруций, импульсгардың төменнен жоғары ми алаптарьша жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.





35-сурет. Өрлеуші ретнкулярлық формация.



іб-сурет Төмендеуші ретикулярлық формация
Зейін механизмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И. П. Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі “Бұл не?” деген тандану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіркендіргішке жауап беруі болып табылады. Адамдағы аңғару рефлексі — туа біт-кен қасиет, одан зейіннің сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей байланыстыдығы айқын көрінеді. Зейіннің физиологиялык негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын фнзиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіркендіргіштер бір мезгілде әсср етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларьшын, қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдык, ошағының қаркынды болуы мидағы өзара индукцня заңдарына байланысты.
Қозудың оптнмалдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардын, ми қабының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік нндукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысьш отырады. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық ошағының жасалу заңдарына сүйенеді. Мәселен, “Балалар, дұрыстап отырыңдар, кане, қолдарыңды партаға қойып, маған қараңдаршы!” деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады.
Әйгілі физиолог ғалым Л. А. Ухтомский (1875— 1942 ж.) ми кызметінің заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта приципі жөнінде ілім жасады. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейш, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп, жаңадан пайда 'болған қозу ошақтарың те-жеп қана коймай, оларды өзіне бағындырьш, жүйке жұмысын күшейте түседі (37-сурет). Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, баска тітіркендіргіш-терді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннін шоғырлануын адамнын белгілі бір іске ықылас-ынтасьшен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады..
37-сурет. Орталык жүйке жүйесіндегі доминанта принципі қызметі.
Д — доминанта орталығы, С — субдоминанттар (бағыныңқы до-минанттар), билеуші доминанттың өзге орталықтарды тежеуге ык,-палы.

Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады К. Д. Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатьш орньш ерекше атап көрсетіп, “зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін барлык ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады”1 — деген болатын. Онын бұл пікірі жастарға тәлім-тәрбие беру ісі мен психологияда, дидактикалық зерттеулерде күні бүгінге дейін өзінің дәлелдеп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет