Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.
А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырма 1 балмен бағаланады.
B бөлімі 8-10 қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады. Тапсырмалар 2-8 балл аралығында бағаланады.
Оқушылар математикалық құралдарды қолдана алады: сызғыш және циркуль.
Калькуляторды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Барлығы 50 балл
2.1 Бағалау міндеттері (БМ)
1-БМ
Математикалық тәсілдер Білім алушылар математикалық фактілерді, ұғымдарды және тәсілдерді қайта жаңғырта, таңдай және қолдана білуі керек.
2-БМ
Математиканы қолдану Білім алушылар:
есепті шығару кезінде тиімді тәсілдеме таңдауды және қолайлы әдіс қолдануды (көпсатылы есептерді қоса алғанда) білуі;
математикалық әдіс-тәсілдерді қолданып және мәнмәтінге сәйкес шешімдерін түсіндіре отырып, жағдаяттардың математикалық моделін құра (өмірдегі жағдайаттарды қоса алғанда) білуі;
шешімді ұсыну және математикалық тұжырымдарды дәлелдеу үшін логикалық аргументтерді пайдалана білуі;
сәйкес математикалық символика және жазбаларды қолданып, шешімдерді ұсыну және аргументтер келтіре білуі тиіс.