2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Алгебра» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтижелер Білу: - қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарын;
- нақты сандармен есептеу амалдарын;
- қарапайым математиканың негізгі формулаларын;
- функция ұғымын, оның қасиеттері мен графигін;
- алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін;
- статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін білу.
Түсіну: - санды стандарт түрде жазу тәсілін;
- математиканың академиялық тілін;
- таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын;
- сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін түсіну.
Қолдану: - практикалық есептерді шешуде математикалық білімін;
- мәнмәтінге сәйкес математикалық терминологияны;
- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді;
- ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді;
- математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын қолдану.
Талдау: - заңдылықтарды талдау және олардың негізінде математикалық модельдер құрастыру;
- математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын;
- теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді;
- функциялардың қасиеттерін;
- статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректерді;
- график, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін талдау.
Жинақтау: - математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін;
- статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды жинақтау.
Бағалау: - шамалардың жуық мәндерін және олардың стандарт түрде жазылуын;
- берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын;
- жүргізілген тәжірибелер санының артуына байланысты оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін бағалау.