Алгебраны оқыту процесінде пәнаралық байланыс



Дата18.12.2022
өлшемі19,14 Kb.
#57869
Байланысты:
Алгебраны оқыту процесінде пәнаралық байланыс


Алгебраны оқыту процесінде пәнаралық байланыс:

  1. «Қазақ тілі» пәнімен алгебралық терминологиялармен сөздік қорын байыту; теоремаларды дәлелдеу, қорытындыларды тұжырымдау барысында сөйлеу қабілетін дамыту;

  2. «Геометрия» пәнімен графиктерді салу, кестелерді құру, теңсіздіктер мен олардың жүйесін шешу барысында сызу құралдарымен жұмыс атқару тәсілдерін қолдану; теңсіздіктер және олардың жүйесін шешу барысында геометриялық фигуралардың бірігуі мен қиылысуын табу біліктігін қолдану; жаңа алгебралық ұғымдарды енгізу кезінде анықтама түсінігін, натурал көрсеткішті дәрежелердің қасиеттерін игеру мен функцияның өсуі немесе кемуін анықтау және тепе-теңдіктерді дәлелдеу кезінде дәлелдеу түсінігін қолдану;

  3. «Физика» пәнімен функцияның берілу тәсілдері мен қасиеттерін игеру барысында денелерді қыздыру мен суыту, қайнау және балқу мен қатаю процестерінің графикалық түсініктерін қолдану;мәтін есептерді шығару кезінде масса, қоспа, температура және т.б. ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасы туралы білімдерін қолдану;

  4. «Химия» пәнімен мәтінді есептерді шығару барысында оқушылардың қорытпа, ертінділер, ертіндінің қоюлануы туралы білімдерін қолдану;

  5. «Информатика» пәнімен формуланы теру, кестені форматтау тәсілдерін, объектінің параметрлерін реттей білу және т.с.с. компьютермен жұмыс атқару дағдыларын қолдану;

  6. «Технология» пәнімен өзіндік құн, кіші бизнеске жіберілетін шығынның түрлері; тауар мен қызмет көрсетудің бағасын есептеп шығаруды жасау бойынша білімдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Геометрияны оқыту процесінде пәнаралық байланыс:





  1. «Алгебра» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді құрастыру және шешу;

  2. теңсіздіктерді дәлелдеу;

  3. геометриялық шамалардың қатынасына арналған есептерді шешуде пропорцияның қасиеттерін қолдану;

  4. квадрат түбірдің қасиеттерін және санның модулін қолдану;

  5. кейбір бұрыштардағы тригонометриялық функциялардың мәндерін қолдану;

  6. тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қолдану;

  7. геометриялық есептерді шешу үшін жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесін қолдану;

  8. функциялардың графиктерін түрлендіруді жазықтықтағы қозғалыс пен ұқсастыққа берілген геометриялық есеп түрінде түсіндіру;

  9. геометриялық есептерді алгебралық әдіспен шешу кезінде тепе-тең түрлендірулерді қолдану;

  10. геометриялық есептерді шешу кезінде тригонометриялық өрнектердің тепе-тең түрлендірулерін қолдану.

  1. «Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. геометриялық есептерді құрастыру және шешу кезінде физикалық үдерістерді сипаттау;

  2. нақтылы үдерістер мен құбылыстарды суреттеуге және игеруге мүмкіндік беретін математикалық моделдердегі геометрия курсының негізгі ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру;

  3. векторлық алгебраны физикалық үдерістер моделінде түсіндіру.

  1. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. география курсынан параллельдер және меридиандар туралы білімдерді пайдалану;

  2. ендік пен бойлықты доға мен шеңбердің градустық өлшемі ретінде түсіндіру;

  3. кластерлерді, энергиялық-өндірістік циклдердің схемаларын және графиктерін құрастыру;

  4. географиялық объектілер кескіндерінің масштабтарын геометриялық фигуралардың ұқсастығы арқылы түсіндіру.

  1. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. биологиялық құрылымдардағы симметриялар.

  1. «Химия» пәнімен пәнаралық байланыстар:

  1. атомдағы электрондардың кеңістіктік орналасуы;

  2. органикалық қоспалардағы химиялық байланыстардың симметриялары;

  3. геометриялық фигураларды оқуда әртүрлі заттар молекулаларының формаларын пайдалану.

  1. «Информатика» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. дайын сызбалар бойынша есептерді шешу мен динамикалық жағдайларды жаңғырту және геометриялық фигураларды бейнелеу үшін мультимедиялық құралдарды пайдалану;

  2. қолданбалы программалар пакеттерін пайдаланып координаталық жазықтықта нүктелер жиынын салу;

  3. қолданбалы программалар пакеттерін, электрондық басылымдар мен оқулықтарды пайдалану.

  1. «Технология» және «Сызу» пәндерімен пәнаралық байланыстар:

  1. сызу және өлшеу құралдарын пайдалану;

  2. геометриялық фигураларды кескіндеу кезінде сызу дағдыларын пайдалану;

  3. нақтылы объектілердің сызықтық және бұрыштық элементтерін өлшеудің әртүрлі әдістерін қолдану.

  1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен пәнаралық байланыстар:

  1. геометриялық ұғымдардың пайда болу тарихымен және дамуымен танысу;

  2. қоғамның қазіргі даму кезеңінде әртүрлі геометриялық есептердің пайда болуын қамтамасыз ету;

  3. мәдени ескерткіштерде кездесетін геометриялық фигуралардың қасиеттерімен танысу;

  4. математикалық терминдермен сөздік қорын байыту;

  5. сөйлемді сауатты құрастыруға үйрету;

  6. дедукциялық ойлауды, талдауды, дәлелдеуді жүзеге асыру кезінде өз ойын сауатты айта білуге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет