Байланысты: Алгебраны оқыту процесінде пәнаралық байланыс
Алгебраны оқыту процесінде пәнаралық байланыс:
«Қазақ тілі» пәнімен алгебралық терминологиялармен сөздік қорын байыту; теоремаларды дәлелдеу, қорытындыларды тұжырымдау барысында сөйлеу қабілетін дамыту;
«Геометрия» пәнімен графиктерді салу, кестелерді құру, теңсіздіктер мен олардың жүйесін шешу барысында сызу құралдарымен жұмыс атқару тәсілдерін қолдану; теңсіздіктер және олардың жүйесін шешу барысында геометриялық фигуралардың бірігуі мен қиылысуын табу біліктігін қолдану; жаңа алгебралық ұғымдарды енгізу кезінде анықтама түсінігін, натурал көрсеткішті дәрежелердің қасиеттерін игеру мен функцияның өсуі немесе кемуін анықтау және тепе-теңдіктерді дәлелдеу кезінде дәлелдеу түсінігін қолдану;
«Физика» пәнімен функцияның берілу тәсілдері мен қасиеттерін игеру барысында денелерді қыздыру мен суыту, қайнау және балқу мен қатаю процестерінің графикалық түсініктерін қолдану;мәтін есептерді шығару кезінде масса, қоспа, температура және т.б. ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасы туралы білімдерін қолдану;
«Химия» пәнімен мәтінді есептерді шығару барысында оқушылардың қорытпа, ертінділер, ертіндінің қоюлануы туралы білімдерін қолдану;
«Информатика» пәнімен формуланы теру, кестені форматтау тәсілдерін, объектінің параметрлерін реттей білу және т.с.с. компьютермен жұмыс атқару дағдыларын қолдану;
«Технология» пәнімен өзіндік құн, кіші бизнеске жіберілетін шығынның түрлері; тауар мен қызмет көрсетудің бағасын есептеп шығаруды жасау бойынша білімдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Геометрияны оқыту процесінде пәнаралық байланыс:
«Алгебра» пәнімен пәнаралық байланыс:
бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді құрастыру және шешу;
теңсіздіктерді дәлелдеу;
геометриялық шамалардың қатынасына арналған есептерді шешуде пропорцияның қасиеттерін қолдану;
квадрат түбірдің қасиеттерін және санның модулін қолдану;
кейбір бұрыштардағы тригонометриялық функциялардың мәндерін қолдану;
тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қолдану;
геометриялық есептерді шешу үшін жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесін қолдану;
функциялардың графиктерін түрлендіруді жазықтықтағы қозғалыс пен ұқсастыққа берілген геометриялық есеп түрінде түсіндіру;
геометриялық есептерді алгебралық әдіспен шешу кезінде тепе-тең түрлендірулерді қолдану;
геометриялық есептерді шешу кезінде тригонометриялық өрнектердің тепе-тең түрлендірулерін қолдану.
«Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:
геометриялық есептерді құрастыру және шешу кезінде физикалық үдерістерді сипаттау;
нақтылы үдерістер мен құбылыстарды суреттеуге және игеруге мүмкіндік беретін математикалық моделдердегі геометрия курсының негізгі ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру;
векторлық алгебраны физикалық үдерістер моделінде түсіндіру.
«География» пәнімен пәнаралық байланыс:
география курсынан параллельдер және меридиандар туралы білімдерді пайдалану;
ендік пен бойлықты доға мен шеңбердің градустық өлшемі ретінде түсіндіру;
кластерлерді, энергиялық-өндірістік циклдердің схемаларын және графиктерін құрастыру;
географиялық объектілер кескіндерінің масштабтарын геометриялық фигуралардың ұқсастығы арқылы түсіндіру.
«Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:
биологиялық құрылымдардағы симметриялар.
«Химия» пәнімен пәнаралық байланыстар:
атомдағы электрондардың кеңістіктік орналасуы;
органикалық қоспалардағы химиялық байланыстардың симметриялары;
геометриялық фигураларды оқуда әртүрлі заттар молекулаларының формаларын пайдалану.
«Информатика» пәнімен пәнаралық байланыс:
дайын сызбалар бойынша есептерді шешу мен динамикалық жағдайларды жаңғырту және геометриялық фигураларды бейнелеу үшін мультимедиялық құралдарды пайдалану;
қолданбалы программалар пакеттерін пайдаланып координаталық жазықтықта нүктелер жиынын салу;
қолданбалы программалар пакеттерін, электрондық басылымдар мен оқулықтарды пайдалану.
«Технология» және «Сызу» пәндерімен пәнаралық байланыстар:
сызу және өлшеу құралдарын пайдалану;
геометриялық фигураларды кескіндеу кезінде сызу дағдыларын пайдалану;
нақтылы объектілердің сызықтық және бұрыштық элементтерін өлшеудің әртүрлі әдістерін қолдану.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен пәнаралық байланыстар:
геометриялық ұғымдардың пайда болу тарихымен және дамуымен танысу;
қоғамның қазіргі даму кезеңінде әртүрлі геометриялық есептердің пайда болуын қамтамасыз ету;
мәдени ескерткіштерде кездесетін геометриялық фигуралардың қасиеттерімен танысу;
математикалық терминдермен сөздік қорын байыту;
сөйлемді сауатты құрастыруға үйрету;
дедукциялық ойлауды, талдауды, дәлелдеуді жүзеге асыру кезінде өз ойын сауатты айта білуге үйрету.