Microsoft Antispyware.Бұл Microsoft корпорациясының шпиондық программамен күресетін танымал утилиті болып табылады. Ол Windows 2000, Windows XP және Windows 2003 Server операциялық жүйесінде жұмыс істейді.
Бұл программаның артықшылығы кез-келген шпиондық модульдің компьютерге енуіне жол бермейді. Сондықтан ИнтернеттеMicrosoft Antispywareпрограммасымен жабдықталған болсаңыз өзіңізді еркін сезіне аласыз. Ал осы программаның кемшілігі компьютерді Spyware-ге сканерлегенде кейбір шпиондық модульдерді көре алмайды.
Spyware Blaster. Spyware Blaster программасын Javacool Software фирмасы құрастырған және ол шпиондық модульдерден біршама қорғайды. Бұл утилитті үйде пайдалану тегін таратылады, Интернеттен оңай тауып алуға болады. Берілген программа Windowsоперациялық жүйесінің Windows 95 нұсқасынан бастап кез-келгеніне жарай береді. Spyware Blaster-дің артықшылығы: оңай, ыңғайлы және қолданушы интерфейске түсінікті. Оны тек жалаушалармен, қосып-өшіргішпен белгілеп параметрлерін өзгертуге болады.