Алгоритмдер жєне деректер структурасы



бет84/93
Дата07.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#18238
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93
Байланысты:
OКА лекция каз

Бақылау сұрақтары:

1. Windows ОЖ қорғалған режим қауіпсіз түрінің құрамына қандай негізгі компоненттер кіреді?

2. Қол жеткізу маркерінің субъектісі деген не және онда қандай ақпараттар бар?

3. Объектілерге қол жеткізуді шексіздендіру қалай жүзеге асырылады?

4. Объект қауіпсіздігінің дескрипторы неден тұрады?

5. Аудит саясатының параметрлеріне не жатады?

Симметриялық криптожүйелер (сонымен қатар симметриялық шифрлеу, симметриялық шифр) — шифрлеуге және кері шифрлеуге бір криптографиялық кілт қолданылатын шифрлеу тәсілі. Асимметриялық шифрлеу сұлбасы шықпастан бұрын жалғыз шифрлеу жүйесі болды. Алгоритм кілті екі жақтан да құпия сақталу керек. Шифрлеу алгоритмі екі жақтан хабар алмаспастан бұрын таңдалады.

Шифрлеу және кері шифрлеу алгоритмі басқа адамдардың қастық әрекетінен ақпаратты жасырын сақтау үшін компьютер техникасында кеңінен қолданылады. Онда негізгі принцип болып жіберуші мен қабылдаушы алдын-ала шифрлеу алгоритмін, сонымен қатар хабарламаны ашу кілтін білу болып табылады. Хабарламаны ашу кілтін білмесе жіберілген ақпарат мағынасыз, тек символдар жиынтығы болып қалады.

Мұндай алгоритмдердің негізгі мысалы болып төменде көрсетілген симметриялық криптографиялық алгоитмдер табылады:

1. Қою


  • Қарапайым қою.

  • Кілт бойынша жеке қою.

  • Екілік қою.

  • «Сиқырлы квадрат» қоюы

2. Ауыстыру

3. Гаммалау

4. Блоктық шифрлеу

Кілтсіз қарапайм қою – шифрлеудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі. Хабар кестеге баған бойынша жазылады. Ашық мәтін бағандарға жазылған соң шифрді оқу үшін ол жол бойынша саналады. Бұл шифрді пайдалану үшін жіберуші мен қабылдаушы кесте түріндегі ортақ кілт туралы келісу керек.

Кілт бойынша жеке қою –алдынғы тәсілге ұқсас көп қолданылатын шифрлеу әдісі. Айырмашылығы кесте бағаны кілттік сөз бойынша, фраза немесе сандар жиыны бойынша қойылады.

Екілік қою. Хабарды қосымша жасыру үшін шифрленген хабарламаны қайтадан шифрлауға болады. Бұл тәсіл екілік қою атымен белгілі. Ол үшін екінші кестенің өлшемін оның жолдарымен бағандары бірінші кестеден өзгеше болатындай етіп таңдайды. Олар қарапайым болады. Бұдан басқа бірінші кестеде бағанды, екінші кестеде жолды қоюға болады. Сонымен қатар кестені ирек түрінде немесе спираль тәрізді, басқа да тәсілдер арқылы толтыруға болады. Кестені мұндай тәсілмен толтыру егер шифрдың беріктілігін күшейтпесе, онда шифрлеу процесін көбірек жасайды.

«Сиқырлы квадрат» қоюы. Сиқырлы квадрат деп таблица ішінде 1-ден бастап натурал сандар жазылатын және ол сандардың қосындысы тігінен де, көлденеңінен де, диогоналінен де бірдей болатын квадраттық кесте айтылады. Мұндай квадраттар оларда көрсетілген номер бойынша шифрленген тексті жазуда қолданылады. Егер кейін сол кестені баған бойынша жазса, онда әріптерді кері қою шифрлеуі болады. Бірінші кезде сиқырлы квадраттар аз болып көрінеді. Бірақ квадрат өлшемін үлкейткен сайын олардың саны өсе береді. 3 х 3 өлшемдегі сиқырлы квадрат тек біреу, егер оның бұрылыстарын ескермесе. 4 х 4 өлшемдегі сиқырлы квадрат 880 болып саналады, ал 5 х 5 өлшемдегі 250000-дай. Сондықтан үлкен өлшемдегі сиқырлы квадраттар сол уақыттың шифрлеуінің сенімді жүйесі үшін жақсы негіз болды, өйткені кілттің барлық варианттарын қарау мағынасыз болды.

4 те 4 өлшеміндегі квадратқа 1-ден 16-ға дейінгі сандар жазылды. Оның сиқыры сандардың қосындысы тігінен де, көлденеңінен де, диогоналінен де 34-ке тең болды. Алғаш рет мұндай квадраттар Қытайда пайда болды.

16 3 2 13

5 10 11 8

9 6 7 12

4 15 14 1

Сиқырлы квадрат бойынша шифрлеу келесі түрде орындалды: Мысалы, «ПриезжаюCегодня.» сөзін шифрлеу керек болсын. Бұл сөздің әріптері сандары бойынша квадратқа тізбектеле жазылады: Сөйлемдегі әріп позициясы позиция реттік санға сәйкес келеді. Бос ұяшыққа нүкте қойылады.

16. 3 и 2 р 13 д

5 з 10 е 11 г 8 ю

9 С 6 ж 7 а 12 о

4 е 15 я 14 н 1 П

Бұдан соң шифрленген мәтін жолға жазылады (оқу солдан оңға қарай жүреді):

.ирдзегюСжаоеянП

Кері шифрлеген кезде мәтін квадратқа жазылады, ашық мәтін «сиқырлы квадрат» сандарының тізбегі бойынша оқылады. Программа кілт бойынша керегін алу керек. Квадрат өлшемі 3х3-тен үлкен.

Көпалфавитті ауыстыруағымдағы мәтіннің символдарын басқаға күрделі ережемен ауыстыратын түрлендірудің қарапайым түрі.Үлкен криптоберіктілікті сақтау үшін үлкен кілттерді қолдануды талап етеді.Оған Цезарь ауыстыруы, Вижнер ауыстыруы, Кардано т.б жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет