CELLSPACING= атрибуты.
CELLSPACING= атрибуты – ұяшықтар арасындағы аралық енді пиксельмен анықтайды. Егер бұл атрибут берілмесе, онда үнсіздік бойынша 2 пиксельге тең көлем беріледі. CELLSPACING= атрибутын мәтін мен графиканы өзіңізге қажетті жерге орналастыру үшін қолданылады. Егер сіз бос орын қалдырғыңыз келсе, онда ұяшыққа бос орынды жазуға болады.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Статикалық және динамикалық құжаттарды өңдеудегі ерекшеліктер.
2. Белгі тілдердің жалпы принциптері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. HTML и CSS на примерах/Мержевич – СПб: BHV, 2005-448 стр.
2. HTML и CSS. Совместное использование/ДеБольт – СПб: НТ-Пресс, 2006-504 стр.
5–Дәріс. Беттің дизайнында кестелерді қолдану
Жоспар:
Көптүсті кестелер құру.
Netscape Navigator -дағы түрлі-түсті шекаралар.
Беттің дизайнында кестелерді қолдану.
Кестелердің жақсы бір қасиеті – ол құрып отырған кестенің шекараларын көрінбейтін етіп жасауға болады. Ол <ТАВLЕ> тегінің көмегімен бетте текст пен графиканы кірістіре отырып әдемі орналастыруға болады.Осы күнге дейін <ТАВLЕ> тегі HTML-де өңдеудің жалғыз қуатты құралы болып отыр. Web-беттердің дизайнерлері қазір практикалық түрде баспа беттерін құрушылар сияқты <бос кеңістікті > қолдануда. Кең көлемді кестелер басқаларға қарағанда текстердің Web –беттерде иерархиялық орналасудан алшақтатады.
Егер браузер кестені қабылдаса, онда кестенің көмегімен алынған эффектілерді дұрыс көрсететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |