Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет100/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Қарсы көрсетім: ішектің өтімсіздігі, ішектің жаралары, ішектен қан кету.
Жабдықталуы: Эсмарх кружкасы, 1,5-2 литрда су, сыйымдылық, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, резеңке қолғаптар, дәретсауыты, дезерітінді, барий сульфатының қоспасы (1,5 литра t°- 36°-37°С), шылапшын, лоток, салфеткалар, су термометрі, алжапқыш; фортранс, адсорбенттер, ферменттік препараттар; жолдама (тексеру әдісін, науқастың аты жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, тексеру күнін көрсетіңіз). Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқаспен сенімді қатынас орнатыңыз.

  2. Науқасқа тексерудің мақсатын және өту барысын түсіндіріңіз және келісімін алыңыз.

  3. Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз.

  4. Науқастың тамақтану рационынан газ жинайтын тағамдарды алып тастау және тексеруден 2-3 күн бұрын сұйықтықты көп ішкізу керек.

  1. Дәрігердің тағайындауымен ферменттік препараттар беріңіз.

  2. Тексеру алдынан 12 сағатта схема бойынша фортране.

  3. Жеңіл кешкі тамақпен тамақтануды 18 сағаттан кеш қалдырмай қамтамасыз ету.

  4. Тексеру алдынан кешке (20 және 22 сағатта) науқасқа жоғарға тазарту клизмасын 2 сағат аралықпен «таза су» 1,5-2 литр қойыңыз.

  1. Таңертең тексеруден 2 сағат бұрын науқасқа екі рет тазарту клизмасын 1сағат аралықпен .

  2. Науқасты жеңіл ақуызды таңғы аспен тексеру алдынан 3 сағат бұрын қамтамасыз етіңіз (аш ішектегі заттардың рефлекторлық қозғалыспен тоқ ішекке өтуі үшін)

  3. Науқасты белгіленген уақытта ауру тарихымен рентгенологиялық кабинетке апарыңыз.

Рентгенологиялық кабинеттегі мейірбикенің іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты сол жақ қырымен аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз.

  2. Клизманың көмегімен науқасқа барий сульфатын 1,5 л (t°- 36°-37°C) енгізіңіз.

14. Сурет түсірімі кезінде мейірбике рентген кабинетінен шығады
15. Тексеруден кейін науқасты бөлмесіне апарыңыз
Ескерту:

  • Тексеру алдынан 3 күн бұрын тамақтану рационынан ішекке газ жинайтын тағамдарды көкөністер, жемістер, нан, сүт және тәттілерді алып тастайды

  • белгілеңіз: ботқа, кисель, ет және балық тағамдарын, жұмыртқа, сүзбе, ақ нан, сорпа, ақ кептірген нандар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет