Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


ЕСКЕРТУ: Атипиялық жасушалар тез бұзылады,сондықтан қақырықты жедел зертханаға жіберу керек. Қақырықты туберкулез микобактериясына жинау



бет88/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

ЕСКЕРТУ: Атипиялық жасушалар тез бұзылады,сондықтан қақырықты жедел зертханаға жіберу керек.


Қақырықты туберкулез микобактериясына жинау
Мақсаты: зерттеуге қақырық алу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: Таза,құрғақ шыны ыдыс,жолдама

Бөлімшенің № бөлменің №


Жолдама
Клиникалық зертханаға
Туберкулез микобактериясына қақырық
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Күні м/б қолы

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Ауру тарихынан (дәрігердің тағайындау парағы) тағайындауға таңдау жүргізіп , зертханалық және аспаптық әдіс зерттеулерінің негіздерін журналға тіркеу.
2. Зертханалық ыдыс дайындау.
3. Жолдама жазып,оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекіту.
4. Кешке науқасқа түсіндіріп, дайын ыдысты беру.
5. Таңғы сағат 8.30 – да қақырық жиналған ыдысты зерттеуге клиникалық зертханаға жеткізу керек.
6. Алынған мәліметтерді келесі күні ауру тарихына жабыстыру


Науқасқа нұсқау: «Тексеру үшін сізге таңертеңгі қақырықты жинау керек.
Аш қарынға сағат 8 – де - тісіңізді жуып, мұқият аузыңызды сумен шайыңыз, содан соң бірнеше рет терең дем алып және қақырықты мына банкіге түкіріңіз, барлығы 3 – 5мл Банкідегі қақырықты жауып және оны арнайы жәшікке еденге қалдырыңыз»
ЕСКЕРТУ: 1.Егер науқас қақырықты аз көлемде шығарса, оны 1 – 3 күнде жинап, тоңазытқыштың ортаңғы есігінде сақтаңыз.
2.Егер дәрігер қақырықты БК(Кох бацилласы) тексеруге нұсқау берсе, онда қақырықты залалсыздандырылған ыдыста жинап және бактериологиялық зертханаға жеткізу қажет.


Қақырықты бактериологиялық тексеруге жинау
Мақсаты: Бактериолгиялық тексеруге қақырық алу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: Залалсыздандырылған ыдыс (банка) немесе Петри ыдысы, жолдама

Бөлімшенің № бөлменің №


Жолдама
Бактериологиялық зертханаға
Қақырықты микрофлора мен антибиотикке сезімталдылыққа
А.Ж.Т. Асанов А.А.

Күні м/б қолы



ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Бак. зертханадан залалсыздандырылған ыдыс алу. Жолдама толтыру.

  1. Кеште науқасты қақырық жинау тәртібіне нұсқау беріңіз.

  2. Бак. зертханаға жинаған материалды жеткізіңіз.

  1. Алынған нәтижені науқастың ауру тарихына жабсырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет