Alikhan Bokeikhan University Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті Баяндама



Дата21.10.2023
өлшемі63,48 Kb.
#120395
Байланысты:
ОСӨЖ 6-апта Турсбек Аружан ВТ-101


Alikhan Bokeikhan University
Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті

Баяндама

Tақырыбы: Триггерлер, олардың құрылысы. Триггерлерді графикалық бейнелеу, кестелерді ауыстыру және оларды логикалық элементтерге салу.

Орындаған:Турсбек Аружан
ТОП:ВТ-101


Семей-2023
ЖОСПАР:


I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

  • Триггерлер, олардың құрылысы.

  • Триггерлерді графикалық бейнелеу, кестелерді ауыстыру және оларды логикалық элементтерге салу

IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Триггер (триггерлік жүйе)— белгілі бір тұрақты күйде ұзақ бола алатын қабілеті бар және оны сыртқы әсердің сигналдарымен алмастыратын электрондық құрылғы. Шығыс кернеудің мәніне қарап ,триггердің күйін оңай анықтауға болады. Ауысу жағдайы аз уақытқа созылатын, кілттік тәртіпте жұмыс істейтін активтік элементтері (транзисторлар, шамдар) бар импульстік құрылғылар триггерлердің жұмысын көрсетеді. Фунуционалдық құрылғы ретінде триггердің ерекшелігі - екілік ақпаратты сақтауында.Сигналдың ауысу құбылысы тоқтаған кезде, триггердің жадында екі күйдің бірінде қалатын қабілеті пайда болады. Күйдің біреуін «1» ал екіншісін «0» қабылдаған кезде, триггер екілік кодта жазылған бір сандық дәрежені сақтайды.


Триггерлерді әзірлеу барысында жартылай өткізгішті құрылғылар қолданады ( биполярлық транзисторлар), ескісі - электромагниттік реле, электрондық шамдар.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Триггерлер екі үлкен топқа бөлінеді -динамикалық және статикалық. Шығыс ақпараттарының көрсетілу амалдарына қарай олар осылай аталған.


Динамикалық триггер деп бір күйі шығысында белгілі жиіліктегі үзіліссіз жүйелік импульста болса, ал екінші күйі шығыс импульсі жоқ болатын басқарушы генераторды атайды.Сыртқы импульске байланысты триггердің күйі өзгеріп отырады.
Статикалық триггерлерге әр күйі өзгеріссіз шығыс кернеуімен сипатталатын: жоғарыға — кернеуге жақын қорек және төменгіге — ноль шамалас құрылғылар жатады. Статикалық триггерлерді шығыс ақпаратының шығуына байланысты потенциалды деп атайды.
Жүйенің әрбір классификациясы триггерді әртүрлі көрсеткіштермен сипаттайды, сол себептен бірі екіншісін толықтырып отырады. Мысалы, RS-типті триггерлер синхронды да асинхронды да бола алады.
Асинхронды триггер өзіне сай ақпараттық сигнал түскен уақытта өзінің күйін өзгертеді.
Синхронды триггерлер деп шығыс синхронизациясы С сигналы болғанда ғана триггер ақпараттық сигналға мән береді. Бұл кіріс «такт» деп аталады. Мұндай ақпараттық сигналдарды синхронды деп атайды. Синхронды триггерлер С синхронизациясының кірісіне триггерлерді статикалық және динамикалық етіп бөледі. Статикалық басқаруы бар триггерлер ақпараттық сигналдарды кірісіне С логикалық бірлігі немесе логикалық ноль түскенде қабылдайды.


ҚОРЫТЫНДЫ

Ақпаратты жазу тәсілімен асинхронды және синхронды триггерлер болады. Егер ақпаратымен сигнал өзі триггерді ауыстырып қосса оны асинхронды деп атайды. Синхронды триггерлерде ақпарат синхронды (рұқсат беретін) импульс әсерімен жазылады. Синхронизация импульспен (потенциалмен) және потенциал көркіремесімен (шебімен және импульс кесіндімен) жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда (статикалық бақылау) ақпараттық кірудегі сигналдар синхроимпульс болған барлық уақытта триггерге ықпал етеді. Екінші жағдайда (динамикалық бақылау) ақпараттық сигналдардың синхронизациялау кіруіндегі потенциал өзгергендегі сәттерде ғана білінеді, яғни ол 1-ден 0-ге ауысқанда(шебі) немесе 0-ден 1-ге (кесінді).


Функционалды мүмкіндік бойынша:

  • R және S кірулерге бөлінген бақылаулары бар триггерлер (RS-триггерлер);

  • D кіруге ақпаратты қабылдайтын триггерлер (D-триггерлер);

  • Есептік кіруі бар триггерлер (T-триггеры);

  • J және K ақпараттық кірулері бар әмбебап триггерлер (JK-триггерлер).

Триггерлерде әр түрлі кірулері бар:
R (англ. Reset) – қондырғының 0 жағдайына бөлінген кіруі (жылыспа);
S (англ. Set) - қондырғының 1 жағдайына бөлінген кіруі (іске қосылуы);
K (англ. Kill) – кенет сөндірілуі, нөлді бақылау;
J (англ. Jerk) – кенет іске қосылуы, бірді бақылау;
T – есепті кіру;
D (англ. Delay – кідіріс, Data – деректер) – логика дәрежесі бар жағдайға ақпараттық кіру;
С (от англ. Clock) – атқаратын, бақылайтын (синхрондайтын) кіру, тактті импульстардың кіруі;
V – рұқсат беретін, бақылайтын кіру.
Статикалық бақылауымен триггерлерді бір сатылды және екі сатылды принциппен құрылған триггерлерге бөлуге болады. Бір сатылды триггерлердің құрылымында ақпаратты еске сақтайтын бір саты (бір элементтік тригерді ұя) және бақылайтын схемасы бар. Екі сатылды триггерлер тізбекті қосылған еске сақтайтын ұялары бар, алдымен ақпарат бірінші ұяға жазылады (саты), содан соң екінші (шығу) сатыға қайта жазылады.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Г. И. Салғараева, "Графтар теориясы". Алматы, 2013.

  2. Кормен, Т., Лейзерсон, Ч., Ривест, Москва: Вильямс, 2005.

  3. Кормен, Т., Лейзерсон, Ч., Ривест, Р., Штайн, К.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет