Alikhan Bokeikhan University СӨЖ №5 Тақырыбы


Конусты сепараторлар (аэролифтілі)



бет2/3
Дата03.04.2023
өлшемі301,57 Kb.
#78610
1   2   3
Байланысты:
СӨЖ №5 тақырыбы-Сепараторлар

Конусты сепараторлар (аэролифтілі)

Конусты сепараторлар металдық кендерді және металл емес пайдалы қазындыларды байытуда қолданылады. Сепараторлар ішкі және сыртқы аэролифтілі болып бөлінеді. Ішкі аэролифтілі конус сырттыға қарағанда аз биіктікті қажет етеді, ал бірақ оны пайдалану экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімсіз болады, сондықтан өндірісте кеңінен тараған сыртқы аэролифтпен істейтін конусты сепараторлар (15-сурет).


Олардың суспензия тұратын корпусы (1) жоғарғы жағы биіктігі аз цилиндр пішінді, ал төменгі жағу конус пішінді. Оның ортасына ақырын айналып тұратын вал (2) орнатылған. Валдың бойында суспензияны араластырғыш (3) орнатылған. Кен суспензияға оның орта шеніне түседі. Тығыздығы суспензия тығыздығынан артық кесектер батып кетеді де, ал тығыздығы аз кесектер қалқиды. Қалқыған қабат үстіне кен қысыммен цилиндрдің шетіне біртіндеп ығыстырып, айналдыра шетінен шығады. Батқан кесектер аэролифті құбырға (ауа көтергіш) түседі. Құбырдың астынан тік бағытта көтерілетін қысымды ауа беріледі. Оның күшімен кесектер (ауыр фракция) көтеріліп, құбырдың жоғары шетінен асып шығады, ал ондағы суспензия орнында (құбыр ішінде) қалады.
Конусты сепараторларда кен 2-100мм, ал көмір 200мм мөлшеріндегі ірілікте байытылады. Олар көбінде көмір байыту үшін қолданылады. Конустың диаметрі 3600мм-ге дейін жетеді. Бұлардың конструкциялары қарапайым. Үлкен кемшілігі сол орнатуға үлкен биікті кеңістік қажет. Практикада конусты сепараторлардың бірнеше вариантты конструкциялары кездеседі, бірақ жұмыс істеу принципі барлығында бірдей.







15-сурет. Конусты ауыр ортада сепаратордың схемалы көрінісі:
1-корпус; 2-вал; 3-араластырғыш; 4-ауалы көтергіш құбыр.

Барабанды сепараторлар

Барабанды сепараторлар спиральді және элеваторлы болып бөлінеді. Олардың осындай бөлінуі байыту өнімдерді сепаратордан шығаруға негізделген. Өндірісте кеңінен қолданылатындарға жататындар: Механобр институтының СБС сепараторы, «Вемко» және «Гардинг» (АҚШ), «Крупп» (ГФР) сепараторлары.


Спиральды барабанды сепараторлар (СБС). Олар цилиндрлі пішінді корпустан (барабаннан) тұрады (15-сурет).


16-сурет. Барабанды ауыр орталы сепаратордың схемалы көрінісі: 
1-корпус; 2-тірегіш ролик; 3-тісті венец; 4-спиральды лента; 
5-доңғалақ элеватор; 6-кен түсіргіш науа.

Корпус екі жерден тірегіш роликтер (2) үстінде айнала алады. Оның айналуы диірмендердің айналуына ұксас: барабанның бір шетіне жақын тісті венец орнатылған. Ол электормотордан айналыс алатын тісті шестернямен жалғасады. Барабан ішіне суспензия құйылады, оған кақпақ ортасындағы тесік арқыла науамен (6) кен түсіріледі. Барабан сәл көлбеу орнатылған. Соған сәйкес ішіндегі суспензия кен түсетін шетке қарай ығыс орналасады. Қалқыған кесектер (женіл фракция) бастапқы кен кесектерінің ығыстыруы нәтижесінде барабанның сол шетіндегі тесіктен асып шығып өз науасына түсіп жатады. Батқан кесектер (ауыр фракция) барабан түбіне шөгеді. Оларды үздіксіз шығарып отыру үшін барабанның ішкі бетіне белгілі жалпақтығы бар спиральді лента (4) орнатылған. Ол барабан айналғанда сонымен бірге қозғалады. Соның демеуінен батқан кесектер барабанның екінші (жоғарғы) басына жылжып барып, көтергіш доңғалақ элеваторға (5) барып түседі. Доңғалақ ішіне радиальді көп тесікті қабырғалар орналасқан. Кен кесектері осындай қабырғалардың екі аралығындағы ячейкаларға түсіп, барабан айналғанда бірге көтеріледі. Сол кезде суспензия тесіктерден өтіп, ячейкада негізінде тек кен кесектері қалады. Ячейкалар белгілі бір биіктікке көтергенде, кесектер төмен жылжып құлап, барабанның орта тесігіне орналасқан науаға түсіп шығарылады.


Барабанды сепараторларда ірілігі 150 мм-ге жететін кенді байытуға болады. Барабанның диаметрі ең үлкендерінде 3000 мм, ал ал ұзындығы 6000 мм-ге жетеді. Бұл сепараторлада пайдалы қазбалардың барлық түрін байытуға қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет