Мектепте сабак таңертеңгілік гимнастика өткізуден басталады, ол сауықтыру ғана емес, тәрбиелік мақсатты да көздейді. Мектепте сабақалдындағы гимнастика оқушыларды тәртіпке үйретеді, оқу күнін ұйымдасқан түрде бастауға көмектеседі, ал гимнастикадан кейінгі сергек көңіл күй оқушылардың жұмыс қабілетін арттырып қана қоймай, сабақ сапасын да жақсартады. Сабаққа дейін күнделікті дене жаттығуларын өткізу көмегімен оқушылар ағзаның функционалдық мүмкіндіктері жоғарылайды. Сабаққа дейінгі гимнастиканың маңызы өте зор: дене жаттығуларын орындау арқылы оқушылардың көңіл күйі жақсарады, алдағы болатын сабаққа деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Сабаққа дейінгі гимнастиканы мектеп алаңында өткізген дұрыс. Ауа райы қолайсыз болса ғана мектеп ішінде әр сынып өзіне екітілген тұрақты, санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін жерде шұғылданады. Жаттығулар кәдімгі мектеп киімімен орындалады. Оқу жылы басында сабаққадейінгі гимнастиканы мұғалім өзі жүргізеді. Одан әрі жаттығу жүргізілуі 3-4 оқушыларына тапсыруға болады. Алайда мұғалімніңсабаққақатысуы қажет. Сабаққа дейінгі гимнастиканыңұзақтығы 8-10 минут, апталық көлемі шамамен бір сағаттан астам уақытты құрайды. Ол келесі талаптарға жауап беруі тиіс: ағзаға жан-жақты әсер ету. Оқушыларды шаршатпау және қоздырмау, дене бітімін жақсарту. Оқушыларға жақсы таныс және оңай орындалатын 5-6 кешенді жаттығулардан тұруы тиіс. Негізінен, құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары өткізіледі. Бірінші – керілу, содан соңәр түрлі бұлшық ет топтарына жаттығулар орындалады. Жүктемесі көп жаттығулар (жүгіру, секіру т.б.) кешенді жаттығулар арасында жүргізіледі.Ойын жаттығулары мен күрделі емес эстафетеларды пайдалануға да болады. Гимнастиканы оқушылар бірден сабаққакірісетін баяу жаттығулармен аяктағаны дұрыс. Жаттығулар құрамы айына бір рет өзгертіліп тұруы кажет.Дене жаттығуларын орындағанда мұғалімге аяқ-қол, кеуденің бастапқы қалпының дұрыстығын қадағалау қажет жәнеоқушылардың тынысты ұзақуақыт ұстап тұрмауын қадағалаған абзал, ол біркелкі болуы тиіс және дем шығару емес, дем алуға ерекше көңіл бөлген дұрыс. Мұғалімнің жаттығу көрсетуі нақты анық және қысқа болуы тиіс. Жаттығулар орындау балаларды шаршатпауы керек. Статикалык қалыпты ұзақ уақыт ұстағанда оқушыларда бұлшық еттіңқалжырауы мүмкін, сондықтан бір жаттығудан екіншісіне ауысып отыру керек. Шағын кешенді ауыл мектептерінде жаттығулар өткізгенде мұғалімге жаттығулар орындауды қайталау санын іріктеу қажет. Егер оқушылардың дене күшінің дайындығы шамамен тең денгейде болса, онда мұғалім бірыңғай мөлшер ұсынады, яғни барлық балалар үшін қайталау саны бірдей болады. Сабаққа дейінгі гимнастика жаттығу түрлері бағдарлама талаптарына сәйкес әзірленеді. Барлық гимнастикалықжаттығулар түрлерін мұғалім оқушылардың дене дайындығына, олардың сандық күш құрамына қарай өзгеріп, толықтырылып, тіпті әр түрлі ойын элементтерін енгізіп отырады.