Қалымбек Аян Советұлы



бет39/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Белгісіз жанға арнау
Бір әңгіме айтайын сырымды ашып,

Өз-өзімнен ұялып жүрмін қашып.

Ал айтайын сол сырды ақтарыла,

Біреуге болып жүрмін бүгін ғашық.


Бұл сезімді бәрінен жасырғанмын.

Махаббаттан мен бұлай тасынбадым.

Сағынамын ойлап күнде бір адамды

Бір қызығы сол адамның қасындамын.


Аға деп атап жүрмін сол бір жанды,

Мінезі жоқ ашулы,қызу қанды.


Маған деген сезімі оянар деп,

Үмітпенен атырам әрбір таңды.



Шын жүректен тіледім
Түсінбессің мендік нәзік сезімді,

Сағынамын ғашық болған кезімді.

Қалушы едім сені бір сәт көргенде

Тіл байланып айта алмай сөзімді.


Сағынамын сол күндерді әлі де,

Келместей боп елес болды бәрі де.

Жүруші едім сан ойланып,толғанып

Жан сырымды ақтара алмай бәріне.


Ұнатып ем,ғашық болып өзіңе,

Қарай алмай, тура сенің көзіне.

Айтар болсам сол сезімді ақтарып,

Сенбес едің, менің айтқан сөзіме.


Мен өзіңнен алыстаппын жыраққа,

Ұмытпаймын өзіңізді бірақ та.

Шын жүрекпен тілейтінім ендігі,

Бакытты боп, адал қызға тұрақта!


Әйткенменен мені еске аларсыз?!

Өзіңізге адал жанды табарсыз,

Досым бар деп, ыстық лебіз ,құрметпен,

Тойыңызға шақырып та қаларсыз...





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет