Қалымбек Аян Советұлы



бет30/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
Байланысты:
olender

Тоқтарбек Нұрқанат –

1997 жылы 17-сәуірде ҚХР, Шәуешек аймағы, Дөрбілжің ауданы, Майлыжайыр қыстауында дүниеге келген. Музыка мамандығының 2-курс студенті.


Туған жерде балалық
Туған жер-ау қалды сенде бала күнім қаншама,

Көз алдыма елестейді тығылғаным аршаңа.

Көк төбеңде даусым қалды айғайлаған қарлығып

Сай-салаңда күлкім қалды шаттанатын тамсана.


Тасыңда тұр ойыншығым қатар-қатар тізілген

Беткейіңде ізім қалды үйге қарай жүгірген,

Көк майсаңа жасырынған қу тезекке шалынып

Сан жығылып талай мәрте алақаным бүлінген.


Жығылғанға жыламайтын қайсар едім онда мен,

Туған далам – тасыңнан да көп таяқ жеп болған ем,

Әкем мені бір қолымен қолтығымнан іліп ап

Алдына сап алатұғын келе жатып жорғамен.


Есімде әлі – көтеріліп ысығанда күн биік,

Шөмішті алып ойнайтынмын май тышқанға су құйып.

Таспен ұрып қызықтаушы ем қылт еткенде тұмсығы

Күн кешкіре қайтатынмын ойға батып тұңғиық.


Кездер ғой піспек жалап, ақ іркітке тоятын,

Ойынға сәл мойын бұрсам бүзау еміп қоятын,

Үстін басып кетпесін деп ойнақтаған торпақтар

Біздің ауыл жер ошақты жар шетінен оятын.


Қайда сол шақ тайынша мініп тепек қағып жүретін,

Лақ қып тартып елтіріні тасқа қойып ілетін.

Ескі күннен есте қалар ештеңе де қалмапты-ау

Ескі жұртта тасым қалды тайға артылып мінетін.


Сол балалық мәңгі есімнен кетер емес нар туған,

Ойлай-ойлай ол күндерді сағынышым сарқылған,

Тым кеш ұқтым туған жердің төсіндегі сол көк тас

Тұғыры екен арманымның тұлпарына артылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет