Қалымбек Аян Советұлы



бет35/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69
Байланысты:
olender

Өскеменде жүрмін досым
Өскеменде жүрмін досым,

Арман іздеп аңсаған.

Жанарыма жас тұнса да,

Әркез емен шаршаған.


Шыңғыс таудай арманым бар,

Асқар Алтай жүрегім.

Дойыр Ертіс буырқанса,

Шабыттана беремін.


Бір баққыттың жолын қуып,

Аягөзше ағамын.

Балыққа бай Жайсаң көлше,

Арман жолын табамын.


Марқакөлде естелік бар,

Тариыхтың куәсі.

Қара Ертісте қайсарлық бар,

Қазақ тектес баласы.


Қалба тауда қанағатым,

Ақша тауда арманым.

Жалғыз төбе шапағатым,

Күршім тауы талғамым.


Аягөзім алақаным,

Асық көлім көздерім.

Бақанасым бал жүрегім,

Ащы суым сөздерім.


Сасық көлім ардағым да,

Емел шаттық мерейім.

Бұқтырма мен Үлбі жырым,

Мен осылай төгейін.


Өскеменде жүрмін досым,

Қабат - қабат арманым.

Аман болсам, Өр Алтайға.

Бір күн іздеп барамын.


«ИӘ» десең шіркін!
«Иә» десең шіркін,

Ағылар ед жүректің әппақ кені.

Сүйер едім маңдайдан тақ - тақ сені,

Бірақ «иә» демейсің, себебі сен

Түсінбейсің әлі де нақ- нақ мені.
Түсіндірем жүректің сүйген қалын,

Менен басқа өзгені сүйме жаным,

Саған ғана айтылар айым, күнім

Жұдырықтай жүректің сүйген әнін,


Сен мені жан-тәніңмен сүймес бұрын,

Жүрегің жүрегіме күймес бұрын,

Айтып ал маған бөтен сырларыңды

Қалдырар Нүкең мәңгі өлмес жырын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет