Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет136/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

У
 
Ұ
У
Ұ
У
 
дауысты
дауысты
дауысты
үнді
дауысты
үнді
У
 
Уу тіркесінің дыбыс мәні
Дыбыс тіркестеріне арналған зерттеулердің тапшылығы байқа-
лады. Оның үстіне қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері «әріп тіркестері» 
деңгейінде зерттеліп келді. Сондықтан да зерттеу нысаны ретінде 
емле тіркестер де, кірме әріптер тіркесі де қамтылып отырды. Соның 
нәтижесінде «дыбыс тіркестері» деген атпен «әріп тіркестері» зерттеу 
нысанына айналып кетіп отырды. Әріп тіркестердің нақты дыбыс 
құрамы ескерілмегендіктен, дыбыстардың өзара тіркесім заңдылық-
тарының басы ашылмай қалып жатты. Қазақ тіліндегі тіркес құрайтын 
артикуляциялық заңдылықтар талданбаған да, ескерілмеген де.
Мұның өзі қазақ тілі төл дыбыс тіркестерінің фонетикалық 
табиғатын жаңсақ пайымдауға әкеп соғып отырды. Қазақ тіліндегі 
тіркес емес тіркестер дыбыс тіркесі ретінде қабылданған. 
«Төл тіркестер» дегенде қазақ тілінің айтылымында бар, қазақ 
тілінің фонетикалық (жазба емес) заңдылықтары арқасында пайда 
болған дыбыс тіркестерінің құрамын анықтап, олардың ішкі тіркесім 
заңдылықтарының басын ашуды алдымызға міндет етіп қойған 
болатынбыз. Зерттелімнің келесі бөлімдерінде осы міндеттерді шешу 
мәселесі тұр.


209
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бл 
тіркесінің дыбыс әуез мәні
БЛ
 
БЫЛ
БІЛ
БҰЛ
БҮЛ
дауыссыз
дауыссыз
жуан
езулік
жіңішке
езулік
жуан
еріндік
жіңішке
еріндік
Бл 
тіркесінің дыбыс әуез мәні
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің зерттелу жайын сараптап 
шыққанда, әртүрлі зерттеу барысында дыбыс тіркестерінің фонетика-
фонологиялық жағы ескерілмей, көбінесе әріп тіркестері деңгейінде 
қарастырылғаны анықталды. Дыбыс тіркестерінің жазылым түрлері 
теріліп алынып, солардың рет тізімін беру басым. 
Дыбыстардың тіркесу немесе тіркеспеу заңдылықтары жайлы 
мәлімет жоқ. Тек қана дауыс қатысына байланысты (қатаңнан кейін 
қатаң, ұяңнан кейін ұяң т.б.) тіркесім мүмкіндіктерінің төңірегінде сөз 
болады. Негізгі тіркесім заңдылықтары ашылмаған: артикуляциялық 
заңдылықтар, яғни дыбыстардың жасалу орны, жасалу тәсілі, айтылу 
қарқыны, әуен ерекшеліктері талданбаған; тіркесім құрамындағы 
дыбыстардың сөздегі орны ескерілмеген; тарихи себептер, яғни кірме 
әріптердің ықпалына көңіл бөлінбеген.
Жалпы дыбыс тіркестерінің айтылымы мен жазылымының арасын 
ажыратпаудың салдарынан тіркесімнің жазылым үлгілері дыбыс тіркесі 
ретінде қабылданып отырған. Соның нәтижесінде күмәнді дыбыс 
тіркестері көбейіп кеткен. Дыбыс тіркесімінің жіктелімі қарапайым 
түрде олардың әріп тұрқына қарай жүргізілген. 
Мұның өзі дыбыс тіркесін фонетика-фонологиялық деңгейде 
жүргізуді қажет ететінін көрсетті.


210


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет