Бос (еркін) тіркестер
Жоғарыдағы
сыртта
сөзіне қайта ораламыз. Енді осы сөздің
артикуляциялық моделінің тізбегін құрастырып көрейік.
Ал енді осы екеуі бір тіркестің құрамына енеді ме, әлде енбейді
ме деген сұрақ туындайды. Оған жауап табу үшін
сыртта
сөзінің
артикуляциялық тізбегін талдаймыз. Фонетикалық материал арнайы
бағдарлама бойынша дайындалған: бірінші буында қысаң дауысты, ал
екінші буында ашық дауысты. Дауыстыларға сүйене отырып, іргелес
екі
тт
тіркесінің жігін ажыратуға оңай болады.
Бірінші
т
дыбысы жайлы фонетикалық мәлімет дайын. Енді екінші
т
дыбысын қарастырамыз. Негізгі белгілері айқын, енді оған ерін
қатысына байланысты белгісін қосамыз. Ерін қатысына қарай ашық
езулік үстеме белгі қосылады. Сонда іргелес екі
тт
дыбыстарының
тіркесінің салыстырма белгілерін аламыз.
т – тіл ұшы тоғысыңқы қатаң (қысаң) езулік
т – тіл ұшы тоғысыңқы қатаң (ашық) езулік
Егер дыбыс тіркесі болу үшін көрші екі дыбыстың артикуляциялық
белгілері өзара кірігіп айтылу керек болса, бұл жерде, керісінше,
болып тұр. Екеуінің арасынан қайшы шегара белгі өтіп тұр. Соның
нәтижесінде, біріншіден, екі
тт
фонетикалық тіркес құрап тұрған
жоқ, екіншіден, соңғы сыңары бос (еркін) тіркес құрап тұр. Өйткені ол
соңғы дауыстыға ығысып, дауыссыз-дауысты тіркес құрап тұр.
Қайшы шегара қос тіркесті дауыссыздардың арасынан да өтеді.
Ондай жағдайда қос дауыссыз тіркестің соңғы сыңары еркін тіркеске
айналып кетеді, мысалы,
салт ››› сал - ты, ұлт ››› ұл - ты, шарт ›››
шар - ты
.
228
Қос дауыссыз тіркестің бос тіркесті үлгісін жоғарыдағы жолмен
талдап шығуға болады. Мысалы,
шарт
сөзінің соңындағы дауыссыз
тіркес байлаулы болып табылады. Ал енді осы дауыссыз тіркес белгілі
бір фонетикалық жағдаятта бос тіркеске айналып кетеді. Мысалы,
шарты
сөзінің құрамындағы
рт
тіркесі
шарт
сөзінің құрамындағы
рт
тіркесінен көрнекі айырмашылығы жоқ, артикуляциялық белгілері
бірдей. Соған қарамай
шарты
сөзінің құрамындағы
рт
тіркесі бос
(еркін) тіркес болып табылады. Оны тіркес белгілерінің салыстырмалы
жүйесінен тауып, дәлелдейтін боламыз. Бұл жерде тіркес құрамындағы
дауыссыздардың негізгі және үстеме белгілерін түгел сипаттап жатпай,
салыстырма кестесін береміз.
т – тіл ұшы тоғысыңқы қатаң (ашық) езулік
т – тіл ұшы тоғысыңқы қатаң (қысаң) езулік
Тіркестің екінші сыңары алғашқы сөздің құрамындағы ашық
езулік белгісінен айырылып, екінші сөздің құрамында қысаң езулікке
айналып кетті. Соның нәтижесінде соңғы дауыстымен кірігіп, өз
алдына бөлініп кетті.
Дауыссыз тіркестер бос тіркеске айналу үшін соңынан дауысты
келу керек екен.
Қазақ тілінің дыбыс құрамы мен оның жүйесінің өзіндік құры-
лымы анықталды: дыбыстардың жасалымы, олардың өзара тіркесім
реті, буын және сөз просодикасы. Қазақ тілінің мәтін терімін оңтайлан-
дыру үшін оның жазу емле ережелері модельге түсірілді, енді сол
ережелерді тұрақтандырып алу керек болады. Мәтін терімін сонда ғана
дұрыс оңтайландыруға болады. Сөйтіп, біріншіден, қазақ жазуының
емле ережесі көп ықшамдалды және тілдің табиғи құрылымын
бұзбайтын болды. Екіншіден, қолғанат қондырғылар үнемді және
ұтымды жұмыс істейтін болады. Үшіншіден, өзге елдердің жазу
технологиясына сай қазақ тілі де әлеми ақпарат кеңістігінде қызмет
ете алады. Төртіншіден, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту арқылы,
оның мемлекеттік мәртебесін шынайы қалыптастыруға жол ашады. Ал
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі – ұлттық идеяны қалыптастырудың,
дамытудың және орнықтырудың құралы.
Қазақ мәтін теріміне лайық жетілген және оңтайлы қондырғылар
құрастырудың лингвистикалық негіздемесінің бастау көзі ретінде
фонетикалық және морфологиялық бірліктердің тізбек ретінің
алгоритмдері ұсынылып отыр.
229
Достарыңызбен бөлісу: |