Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет154/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

Анықтамасы
ерін-еріндік жуысыңқы үнді 
Мәртебесі:
жүйеқұрауыш
Қызметі:
тұйық рай көрсеткіші
 
Тіркесімі:
тек дауыстыдан кейін
 
келеді
Шеп орналасымы:
сөз басында кездеспейді
Жиілігі:
жиі кездеседі
Ұқсастығы:
орыс, араб тілдерінде жоқ, ағылшын тілінде бар.
Тағы да ғылыми негізге жүгінетін болсақ, халықаралық фонети-
калық әліпби (ХФӘ немесе МФА – международный фонетический 
алфавит) үлгісі бойынша таңбасы 
w
болуға тиіс. Бұдан әрі қарай осы 
таңбаны тұрақты пайдаланатын боламыз.
Енді неге «шала дауысты» немесе бірде дауысты, бірде дауыссыз 
болып жүргеніне тоқталайық. Өйткені: бірінші, оның жасалымы 
(артикуляциясы) дауыстыға ұқсайды, себебі ауыз қуысында кедергі 
жоқ; екінші, оның тілдегі қызметі дауыссызға ұқсайды, себебі буын 
құрай алмайды. Тіл жүйесінде оның екінші қызметі басым болып 
есептеледі, сондықтан да ол дауыссыз дыбыс болып саналады.
Дауыссыз w дыбысын жоғалтып жүргеніміздің тағы бір себебі 
«жалған естілім» болып табылады. Қазақ тілінде сөз басында 
кездеспейтін бес дауыссыз дыбыстың бірі 

осы w. Ендеше, дыбыс 
атауына, өзге дыбыстардай 
бы, ды
болып дауысты соңынан қосылмай, 
дауысты алдынан қосылып, 
ұу
(
уұ
емес) түрінде айтылады. Сондықтан 
ұу
тіркесінің айтылымы орыс тілінің 
у
дауысты дыбысының естілімін 
еске түсіреді. Қазақ тілі мамандарын да, өзге зерттеушілерді де 
шатастырып жүрген осы жайт. Бүлдіршіндер мен бірінші сынып 
оқушыларына арналған оқу-құралдарынан бастап 
уық, уыс
т.б. «сөздер 
у
дауысты дыбысынан басталып жатыр». Орыстақы 
у
таңбасының 
машақаты бір мұнымен бітіп жатқан жоқ. Сөздіктер тізбегіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет