Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Фонетикалық негізгі ұғымдар мен атаулар



Pdf көрінісі
бет11/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

Фонетикалық негізгі ұғымдар мен атаулар
Жасалым фонетика (артикуляционная фонетика) – дыбыстың жа-
салу жолдарын анықтайтын фонетика саласы:
- жасалу орны: ерін (губной), ерін-ерінді (губно-губной), тіл 
ұшы (альвеолярный), тіл алды (переднеязычный), тіл ортасы (средне- 
язычный), тіл арты (заднеязычный), тілшік (увулярный);
- жасалу тәсілі: тоғысым (смычка), тоғысыңқы (смычный), жуы-
сым (щелинность), жуысыңқы (щелевой), жинақы жуысыңқы (кругло-
щелевой), жайылыңқы жуысыңқы (плоскощелевой), діріл (дрожащий), 
жанама (боковой);
- дауыс қатысы: тербеліссіз (дауыс желбезегі қатыспайды, яғни 
қатаң), тербеліңкі (дауыс желбезегі жартылай қатысады, яғни ұяң), тер-
белімді (дауыс желбезегі мол қатысады, яғни үнді), тербелмелі (дауыс 
желбезегі толық қатысады, яғни дауысты).
Айтылым фонетика (акустическая фонетика) – дыбыстың нақты 
болмысын анықтайтын фонетика саласы:
- жаңғыртқы (резонатор) жүйесі: ауыз қуысы (ртовый резонатор), 
көмей қуысы (глоточный резонатор);
- айтылым күші: нық (напряженный), босаң (полунапряженный), 
бос (ненапряженный).
Естілім фонетика (перцептивная фонетика) – дыбыстың естілу 
сипатын анықтайтын фонетика саласы:
- түйсінім түрі: қатаң (глухой), ұяң (звонкий), үнді (сонорный);
- естілім қарқыны: күшті лепті, босаң лепті, бос лепті.
Үндесім фонетика (сингармология) – дыбыстың үндестік сипатын 
анықтайтын фонетика саласы:
- әуез жүйесі: езулік әуез (палатальный тембр), еріндік әуез 
(лабиальный тембр); жуан езулік әуез, жіңішке езулік әуез, жуан 
еріндік әуез, жіңішке еріндік әуез.


19
- жасалым белгісі: езулік (неогубленный), еріндік (огубленный), 
ілгерінді (продвинутый), кейінді (отодвинутый);
- айтылым белгісі: ауыз қуысты (ртовый), көмей қуысты 
(глоточный), тұтас қуысты (ртово-глоточный);
- естілім белгісі: жуан (твердый), жіңішке (мягкий), езулік 
(неогубленный), еріндік (огубленный).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет