Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘТІН ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЫБЫС



Pdf көрінісі
бет134/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

9. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘТІН ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЫБЫС 
ТІРКЕСТЕРІ
Латын әліпби теріміне икемдеудің орфографиялық негізі
Орфографиялық қайшылықтар
Зерттеушілер дыбыстың әріп тұлғасын негізге алып, олардың тір-
кесін дыбыс тіркесі деп түсінгендігі жоғарыда айтылды. Әріп тіркес-
терінің негізгі варианттары олардың жасалу орнына, жасалу тәсіліне 
және дауыс қатысына, сондай-ақ кірме әріптер мен дауысты әуезіне 
байланысты болды. Енді осы әріп тіркестерін артикуляциялық жүйеге 
салып талдап шығамыз және әріп және дыбыс тіркестерінің айырым 
белгілерін жарыстыра кестеге саламыз. Әрбір топқа тән әріп тіркес-
терін түгел талдап жатпаймыз, егер сол топқа тән бір әріп тіркесін тал-
дап шықсақ, алынған қорытынды бәріне тән болып шығады.
1. Жасалу орнына қатысты әріп тіркесі: мысалы, зерттеушілер 
жа-
нуар
сөзіндегі 
ну
әріп тіркесін дыбыс тіркесі деп қарайды. Осы тіркестің 
артикуляциялық тізбегін құрастырамыз. Артикуляциялық тізбекте зерт-
теуші назарына ілінбей қалған дауыстыны көрнекі болу үшін төмен 
түсіріңкіреп орналастырдық. Сонда 
ну
әріп тіркесінің дыбыс құрамы 
нұу
болып шығады. Ендеше 
жануар
сөзінің құрамындағы 
 ну
тіркесін 
тек әріп тіркесі деп қарау керек. Тіркестің айырым белгілер кестесін 
құрастыратын болсақ, әріп тіркес құрамындағы дыбыстардың айырым 
белгілері шығады. Кестеден шығатын қорытынды қазақ тілінде тіл алды 
дауыссыз бен ерін жуысыңқы дауыссыз өзара тіркесе алмайды. Олардың 
арасына міндетті түрде дауысты дыбыс орналасу керек.
У
 
тіл ұшы
еріндік
тіл ұшы
дауысы
еріндік
Ну
 
тіркесінің дыбыс мәні
Н
 


206
2. Жасалу тәсіліне қатысты әріп тіркесі: 
сн
әріп тіркесін дыбыс
тіркесінің қатарына жатқызады. Жоғарыдағы ретпен тіркестің 
артикуляциялық тізбегін құрастырамыз. Бұл жерде де зерттеуші 
назарына ілінбей қалған дауыстыны төмен түсіріп қойдық. Сонда 
сн
әріп тіркесінің дыбыс құрамы 
сын
болып шығады. Дыбыс құрамын 
ақиқат көрсетпей тұрған тіркес, әрине, әріп тіркес болып шығады. 
Тіркестің айырым белгілер кестесі зерттеуші назарына ілінбей қалған 
дауысты дыбысты анық көрсетіп тұр. Кестеден шығатын қорытынды 
қазақ тілінде тіл алды жуысыңқы дауыссыз бен тіл алды тоғысыңқы 
дауыссыз өзара тіркеспейді. Екі дауыссыздың арасына міндетті түрде 
дауысты орналасу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет