Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет141/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

Бейүндес тіркестер
Қазақ тіліндегі орфографиялық дыбыс тіркестерінің көбісі қазақ 
тілінің үндесім (үндестік) заңына байланысты. Өйткені қазақ тілінің 
емле ережелері қазақ сөзінің айтылымындағы ерін үндесімін (қанша-
лықты анық естіліп тұрса да) ескермейді. Сондықтан ерін үндесімі бар 


217
сөздердің бәрінде орфографиялық тіркес жүреді. Мысалы, 
үштік, түл-
кі, өзге, ұстын, орындық
т.б.
Бейүндес тіркестер болып келетін сөздер өте көп. Соның ішінен 
жоғарыдағы 
күлкі
сөзінің артикуляциялық тұрқын талдап көрейік. 
Негізгі мәселе үндесімге байланысты болғандықтан, сөз құрамын-
дағы дыбыстардың бәрінің артикуляциясын анықтап алуға тура келеді. 
Оның үстіне ерін қатысына байланысты еріндік-езулік белгісін әрқа-
шан ескеріп отыруға тура келеді.
Сөз басындағы 
к
дауыссыз дыбысы: тіл ортасы арқылы жасала-
ды; тілдің ұшы мен тіс өзара тоғысады; дауыс желбезегі қатыспайды 
(тербелмейді). Оның үстіне ерін дөңгеленіп тұрады. Сонда ол жасалу 
орнына қарай тіл ортасы, жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы, дауыс қа-
тысына қарай қатаң (тек салдыр), ерін қатысына қарай еріндік болып 
айтылады. Дауыссыздың моделінде осы белгілердің бәрі бөлектеніп 
көрсетілген. Одан кейінгі дауысты дыбыс: тіл ортасы арқылы жасала-
ды; тілдің орта тұсы ауыз қуысында жоғары жатады; ерін дөңгеленіп 
тұрады. Сонда дауысты тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы, тіл-
дің тік қалпына қарай қысаң, ерін қатысына қарай еріндік болып айты-
лады. Дауыстының моделінде жасалым белгілер ерекшеленген. Келесі 
дауыссыз: тілдің ұшы арқылы жасалады; тілдің ұшы тіспен тоғысып, 
екі жаны жуысып айтылады; дауыс желбезегі мол тербеледі (салдыр-
дан дауыс басым); ерін дөңгеленіп тұрады. Сонда дауыссыз жасалу 
орнына қарай тіл ұшы, жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы, да-
уыс қатысына қарай үнді, ал ерін қатысына қарай еріндік болып айты-
лады. Дауыссыздың еріндік және өзге артикуляциялық белгілері мо-
дельде анық көрініп тұр. Сөздің артикуляциялық тізбегінен көрініп 
тұрғандай, аталған үш дыбыс та еріндік болып айтылып тұр. Басқаша 
айтқанда, дыбыстардың ерін үндесімі сақталып келе жатыр. Ал енді 
келесі екінші 
к
дыбысына келгенде дауыссыз еріндіктің орнына езулік 
болып кетті. Алғашқы 
к
дауыссызымен өзге белгілері бірдей. Сонда 
дауыссыз жасалу орнына қарай тіл ортасы, жасалу тәсіліне қарай тоғы-
сыңқы, дауыс қатысына қарай қатаң, ал ерін қатысына қарай езулік. 
Соңғы дауысты да езулік болып тұр.
Сонымен сөздің алғашқы бөлігі еріндік, екінші жартысы езулік бо-
лып шыға келді. Сөздің мұндай айтылым үлгісі қазақ тілінің айтылы-
мына жат үлгі. Соған қарамай, орфографиялық нұсқа сөздің еріндік 
езулік қалпын жазба үлгісі ретінде бекіткен.


218
Тіл ұшы 
н
дауыссызының белгі түрленімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет