Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Қатаң дауыссыз дыбыстардың жасалым (артикуляциялық)



Pdf көрінісі
бет60/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

Қатаң дауыссыз дыбыстардың жасалым (артикуляциялық) 
моделі
Қатаң дауыссыз дыбыстардың жасалуына дауыс желбезегінің қа-
тысы болмайды, яғни дауыс желбезегі тербелмейді. Сондықтан қатаң 


87
дауыссыздар тобын жеке қарастырған кезде дауыс желбезегінің қаты-
сы ескерілмейді. Сонда қатаң дауыссыздардың жасалым белгілерінің 
жүйесі (системасы) жасалу орны мен жасалу тәсіліне байланысты бо-
лады. Ол үшін төмендегідей шартты сызықтар пайдаланылады:
Жасалым орны (бүтін сызық) 
Жасалым тәсілі (үзік сызық) 
Қатаң дауыссыздар өзара тоғысыңқы-жуысыңқы болып жіктеледі. 
Тоғысыңқы дауыссыздар өзара ерін, тіл ұшы және тілшік (тіл орта-
сы) болып жіктеледі: П – ерін, тоғысыңқы, Т – тіл ұшы, тоғысыңқы,
Қ (-К) – тілшік (тіл ортасы), тоғысыңқы. Тоғысыңқы дауыссыздардың 
жасалым моделі олардың үш айырым белгілеріне лайық үшбұрыш бо-
лып шығады (4.37-сурет). Модельдің барлық бұрыштары (ұялары) то-
лып тұр. Бос қалған бұрыш жоқ.
Қатаң жуысыңқы дауыссыздардың өз ерекшелігі бар. Біріншіден, 
екеуі де тіл ұшы дауыссыздар (суретте – жоғарғы үшбұрыш). Екін-
шіден, олардың жинақы-жайылыңқы белгілері тек өз арасында ғана 
жүреді. Өзге қатаң дауыссыздар үшін жинақы-жайылыңқы айырым 
белгілерінің фонетикалық мәні жоқ. Ендеше, қатаң дауыссыздардың 
құрамын қарастырғанда ол екеуі біріктіріліп, жуысыңқы дауыссыздар 
ретінде модельдің бір бұрышына орналасады. Сонда үшбұрыштың екі 
басы бос қалады.
Модельдің құрамындағы қатаң дауыссыздардың әрқайсысының 
өз фонетикалық мәні бар. Дауыссыз орналасқан бұрыштың мәні мен 
мағынасы сол бұрыштағы дауыссыздың айырым белгілері болып та-
былады. Соның арқасында бос қалған бұрыштарда қандай дыбыстар 
болуы мүмкін екенін жорамалдауға болады. Қазақ тілінің төл дыбыс 
құрамында жоқ, бірақ болуы мүмкін дыбысты табуға болады. Ендеше, 
сол бос тұрған бұрыштарда қандай дыбыстар болуы мүмкін?
Модельдің төменгі жағында тоғысыңқы дауыссыздар орналасқан. 
Жоғарғы бөлігінде жуысыңқы дауыссыздар орналасқан. Төменгі 
жақтағы бұрыштар толық, бос орын жоқ. Ендеше, тоғысыңқы дауыс-
сыздар түгел деген сөз. Жоғарыда бос орындар бар, ендеше, жаңа жуы-
сыңқы дауыссыздарға әлі орын бар деген сөз. Төменгі сол жақ бұрышта 
тіл ұшы, тоғысыңқы 
Т
дауыссызы орналасқан. Ал оның үстіңгі тұсына 
тіл ұшы, жуысыңқы 
С(-Ш)
орналасқан. Тіл ұшы Т және С (-Ш) да-
уыссыздары жасалу орны жағынан жұптасып тұр. Айырмасы бірі – 
Жасалым орны (бүтін сызық) 
Жасалым тәсілі (үзік сызық) 


88
тоғысыңқы, екіншісі – жуысыңқы. Ал енді осы ретпен пайымдасақ, 
оң жақ төменгі бұрыштағы тоғысыңқы, тілшік 
Қ(-К)
дауыссызының 
үстіндегі бос бұрышта қандай дыбыс тұру керек? Ол жерде тек қана 
жасалу орны жағынан тілшік (тіл ортасы) тоғысыңқы 
Қ(-К)
дауыссы-
зымен жұптаса алатын тілшік (тіл ортасы) жуысыңқы дауыссыз ды-
быс тұру керек. Ондай тілшік (тіл ортасы), жуысыңқы дауыссыз дыбыс
Х(
-
Х)
болып табылады. Алайда тілшік (тіл ортасы), жуысыңқы 
Х
да-
уыссызы қазақтың төл дыбысы емес, яғни қазақ тілінде (қазақтың төл 
сөздерінің құрамында) сингема мәртебесінде кездеспейді. Сондықтан 
да оның орны бос тұр. Бірақ тоғысыңқы 
Қ(-К)
дауыссызының жуы-
сыңқы аллосингемасы (варианты) ретінде кездесе береді: жақсы (ай-
тылымы 
жахсы
), өкше (айтылымы 
өхше
).
Ол дыбыс тек кірме сөздердің құрамында және тілі жазумен 
шыққан жастардың сөйлеуінде ғана кездесуі мүмкін. Әрине, ресми, 
тіптен дайындалып барып сөйлегенде 
хат, хабар 
т.б. сияқты айтылым 
(орфоэпиялық) үлгілері кездесіп жатады. Бірақ бұл айтылым үлгілер 
жаппай қабылданған норма емес. Егер байқап қарайтын болса, теле- 
және радиодикторлар күнбе-күн сөздерін «хат, соңғы хабар» деп 
бастағанымен, әрі қарай сөйлеп кеткен кезде «еңбекшілер 
қаты
, ауыл-
дан 
қабар
келді» деп үйреншікті төл сөйлеу жүйесіне түсіп кетеді.
Ал енді осы ретпен тағы да бір болжам жасауға болады. Төменгі 
ортадағы бұрыштағы ерін, тоғысыңқы 
П
дауыссызының үстінде бос 
бұрыш тұр. Онда қандай дыбыс тұруы мүмкін? Ол жерде де тек қана 
ерін-ерін, тоғысыңқы 
П
дауыссызымен жасалу орны жағынан жұптаса 
алатын ерін-ерін жуысыңқы дауыссыз дыбыс тұру керек. Ондай ерін-
ерін, жуысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс 
h
W
болып табылады (оған 
арнайы таңба болмағандықтан, ал халықаралық фонетикалық таңба-
сы [Φ] орыс тілінің тіс-ерін, жуысыңқы, қатаң 
Ф
дауыссызымен ша-
тыстыратын болғандықтан, шартты таңба алынды: негізгі W таңбасы 
дыбыстың ерін-ерін, жуысыңқы екенін, Һ дәйекшесі оның қатаң болып 
айтылатынын көрсетеді; немесе үйреншікті 
П
әрпінің маңдайына не 
үстіне жуысыңқылықты көрсететін шеңбер дәйекше қоюға болады: 
ºП). Қазақ тілінде орыс тілінің үлгісіндегі тіс-ерін, жуысыңқы 
Ф
да-
уыссызы жоқ. Сондықтан да «фабрика, физика, футбол» т.б. сөздердің 
қазақы айтылымы «пәбірике, пизика, путбол» болып жүр. Тіптен, орыс 
тілінен енген сөздердің құрамындағы 
Ф
дауыссызын сол орыс тілі үл-
гісінде айтуға тырысқанның өзінде, ол жуысыңқы тіс-еріндік болып 
шықпай, ерін-еріндік 
h
W
(немесе 
ºП)
болып айтылады. Мұның өзінің 


89
фонетикалық заңдылығы бар. Қазақ тілінің айтылымында (орфоэпия- 
сында) сөз ортасындағы тоғысыңқы 
П
дауыссызы жуысыңқы алло-
сингема болып айтылады: аспап (айтылуы 
асºпап),
көпше (айтылуы 
көºпше),
түпсіз (айтылуы 
түºпсүз)
т.б.
С
-
Ш
Т
П
Қ
-
К
5.37-
сурет. Қатаң
дауыссыздардың
көрнекі моделі
4.37-сурет. Қатаң дауыссыздардың көрнекі моделі
Сонымен, дыбыстарды модельдеу арқылы төл дыбыстар (олардың 
варианттары) мен кірме дыбыстардың басын ашып алуға болады.
Кейбір кірме дыбыстарды оп-оңай пайдаланып кете береміз. 
Оның себебі қазақ дыбыстарының құрылымында (структурасында) ол 
дыбыстар үшін бос орын бар болуында. Сондықтан 
хат
десек те, 
қат
десек те сөз мағанасына нұқсан келмейді, сөз түсінікті қалпында қала 
береді. Бірақ алғашқы сөздің естілімінде қазақ тіліне жат норма белгісі 
байқалып тұрады.
Қатаң дауыссыздардың сингема және аллосингема мәртебесіндегі 
жұмсалым реті көрнекі көрсетілді. Сонымен қатар егер қазақ тілінің 
даму тарихында жаңа қатаң дауыссыз дыбыс пайда болатын болса, 
онда ондай дыбыс модельдегі бос екі орынға ғана (бірі ерін-ерін, 
жуысыңқы 
ºП
болып, бірі тілшік (тіл ортасы), жуысыңқы 
Х(
-
Х)
болып)
орналаса алады.


90
Қазақ тілі қатаң дауыссыздарының толық көрнекі моделінің 
ішінен кез келген дауыссыздың өзге дауыссыздармен арасындағы 
айырым белгілерінің түрін анықтап, санын түгендеп беруге болады. 
Қатаң дауыссыздардың моделі бүгінгі қазақ әліпбиіндегі төл қатаң 
дауыссыздар мен кірме қатаң дауыссыздардың басын ашып береді, 
модельге енген қатаң дауыссыздар төл дыбыстар болады да, модельден 
орын табылмаған қатаң дауыссыздар кірме дыбыстар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет