213
жақсы қызмет етіп келе жатқан таңбалар (әріптер) құрамы мен негізгі
емле ережелерімізді түбегейлі өзгертудің қажеттілігі жоқ деп ойлай-
мыз». Ендеше, қазақ тіліндегі «орфографиялық дыбыс тіркесі» деген
проблема әзірге фонетикалық құбылыс ретінде қабылданып отыруға
тиіс. Жазба мәтін деңгейінде болса да тілімізде бар болғандықтан оның
фонетикалық талданымы болу керек. Мысалы, емле ереже бойынша
«йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге
көсемшенің -и жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына
бір ғана и әрпі жазылады. Мысалы:
байы+й+ды –
байиды (байыйды,
баиды емес)
, кейі+й+ді - кейиді (кейійді, кеиді емес)
» немесе «Сөздің
соңғы дыбысы н болып, оған ғ, г, б дыбыстарының бірінен басталған
қосымша жалғанғанда, алдыңғы дыбыс өзгертілмей жазылады. Мыса-
лы,
күнге (күңге емес),
жанбайды (жамбайды емес),
жанға (жаңға
емес)».
Сөз жоқ, қабылданған емле ережелерді бүгін-ертең өзгерту үшін
емес, сол ережелердің жаңсақ тұстарын көрсетіп отыру қалайда қа-
жет болады. Өйткені
ид, нг, мб, нғ тіркестерін «дыбыс тіркестері» деп
ешуақытта айта алмаймыз. Ал зерттелім дыбыс тіркесі болып отырған
жағдайда оларды «әріп тіркесі» деп талдаудың тағы реті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: