Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет155/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   221
У дауыссыз 
дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің жуысуы арқылы жасалады. 
Жасалу тәсіліне қарай жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. 
У 
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол 
қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 


236
Жасалым белгілері: ерін-ерінді, жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс». 
Дауыссыздың ақиқат анықтамасы осы болып табылады. Оның қазақ 
тілі дауыссыздарының пішіндемесінде (моделінде) өзінің орны бар.
й[y]
а[а]
ә[ä]
ы[ɪ] 
і[і] 
й[y] 
й[y]
ұ[u]
ү[ü]
у[w]
ұ[u] 
ү[ü] 
у[w] 
Пішіндемеден көрініп тұрғандай
у(w) дауыссыз дыбысы 
құрылымның (модельдің) бір бұрышын ұстап тұр. Егер 
у(w) дауыссыз 
дыбысы жоғалатын болса, онда пішіндеме (модель) түгел қаусап 
түседі. Бұл – тіл дыбыстарының құрамынан бір дыбыс жоғалса, бүкіл 
жүйесі (системасы) бұзылады немесе бір бөгде дыбыс енетін болса
тілдің дыбыс жүйесі (системасы) түгелдей бүлінеді деген сөз.
Алайда академиялық еңбектердің нәтижесі әзірге оқулықтар 
мен оқу-құралдарына жетпей жатыр. Сондықтан да, көпшілікті 
шатастырмас үшін 
у таңбасының іргесіне w таңбасын қосақтап у(w) 
деп көрсетіп отыруға мәжбүрміз.
Сонымен бұл өзі неғылған дыбыс болып шықты? Оның 
академиялық мазмұны:


237
Анықтамасы: ерін-еріндік жуысыңқы үнді 
Мәртебесі: жүйеқұрауыш
Қызметі: тұйық рай көрсеткіші 
Тіркесімі: тек дауыстыдан кейін келеді
Шеп орналасымы: сөз басында кездеспейді
Жиілігі: жиі кездеседі
Ұқсастығы: орыс, араб тілдерінде жоқ, ағылшын тілінде бар.
Тағы да ғылыми негізге жүгінетін болсақ, халықаралық фонети-
калық әліпби (ХФӘ немесе МФА – международный фонетический 
алфавит) үлгісі бойынша таңбасы 
w болуға тиіс. Бұдан әрі қарай осы 
таңбаны тұрақты пайдаланатын боламыз.
Енді неге «шала дауысты» немесе бірде дауысты, бірде дауыссыз 
болып жүргеніне тоқталайық. Өйткені: бірінші, оның жасалымы 
(артикуляциясы) дауыстыға ұқсайды, себебі ауыз қуысында кедергі 
жоқ; екінші, оның тілдегі қызметі дауыссызға ұқсайды, себебі буын 
құрай алмайды. Тіл жүйесінде оның екінші қызметі басым болып 
есептеледі, сондықтан да ол дауыссыз дыбыс болып саналады.
Дауыссыз w дыбысын жоғалтып жүргеніміздің тағы бір себебі 
«жалған естілім» болып табылады. Қазақ тілінде сөз басында 
кездеспейтін бес дауыссыз дыбыстың бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет