76
Дауысты
І дыбысының ҒІ (300-500 Гц) және ҒІІ (1700-2000 Гц)
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады.
Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-бірінен алшақ жатады.
Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына қарай шашыраңқы
дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты акустикалық
белгісі –
шашыраңқы.
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный)
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
Дауысты
ұ/і дыбыстарының салыстырма көрнекілігі олардың
арасындағы акустикалық айырмашылықты бейнелейді.
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі
өрнектелген. Өрнек қысаң еріндік дауыстылардың дәстүрлі жуан/
жіңішке жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде жоғары
аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан аудитор-
лардың 75 %-ке жуығы дұрыс белгілеп шықты.
Мұның өзі езулік қысаң дауысты дыбыстар үшін акустикалық
көрсеткіштер мен естілім нәтижелерінің орнықты екенін көрсетеді.
Құранды дауыстылардың естілім талданымын бастамас бұрын
олардың әрқайсысының құрамды бөліктерінің басын ашып алуымыз
керек. Соңғы фонетикалық зерттеулердің нәтижесі олардың фоноло-
гиялық дифтонг екенін көрсетеді. Олай болса, олардың құрамды
бөліктерінің арасынан буын және морфем жігі өтпейді, ендеше,
тасымалдауға да болмайды деген сөз.
Жоғарыда құранды дауыстылардың фонетикалық құрамы о[
w
u],
ө[
w
ü], е[
y
i] түрінде көрсетілді. Ендеше, құранды дауыстыларды тек
өзіне тән (балама) жалаң дауыстылармен ғана салыстырып шығамыз.
Модель үлгісіне қарап
о/ұ, ө/ү, е/і жұптарының акустика-
перцепциялық белгілерін салыстырып шығамыз. Ол үшін
о, ө, е
құранды дауыстыларының бірінші сыңарларын
w
,
w
,
y
қиып алып
тастаймыз, сонда олардың екінші сыңарлары
u, ü, і ғана қалады.
Акустика-перцепциялық талданымға осы соңғы сыңарлары түседі.
Достарыңызбен бөлісу: