Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет61/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   221
Ң дыбысы (4.43-сурет)
Ң дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшік арқылы жасалады. 
Жасалу орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Ң 
дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшіктің тоғысуы арқылы жасалады. 
Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады.
Ң дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни 
мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз 
дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тілшік, тоғысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.


97
5.42-сурет. 
М
ы
және 
Н
ы
дауыссыз 
дыбыстарының 
жасалым моделі 
4.42-сурет. М
ы
және Н
ы
дауыссыз дыбыстарының 
жасалым моделі 
Р дыбысы
Р дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы 
арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
Р дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл 
иектің шегарасымен бір тоғысып, бір жуысуы (тоғысым-жуысым) 
арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай діріл дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
Р дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол 
тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) 
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: тіл ұшы, діріл жуысыңқы, үнді дауыссыз 
дыбыс.
5.43-сурет. 
ы
Ң 
және 
ы
Р 
дауыссыз 
дыбыстарының 
жасалым моделі 
4.43-сурет. 
ы
Ң және 
ы
Р дауыссыз дыбыстарының жасалым моделі
Л дыбысы (4.44-сурет)
Л дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы 
арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
Л дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл 


98
иектің шегарасымен тоғысып, екі жаны ашық қалады. Жасалу тәсіліне 
қарай жанама жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Л 
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол 
қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жанама жуысыңқы, үнді дауыссыз 
дыбыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет