Қалыптастырушы бағалау үдерісі



Дата14.09.2023
өлшемі3,77 Mb.
#107673
Байланысты:
Лекция 5 КО БӨТ (копия)

Калыптастырушы бағалау үдерісі

5 дәріс

Мақсат

01

Қалыптастырушы бағалау ұғымы , терминдері мен құрылымын біледі

02

Қалыптастырушы бағалау үдерісін тиімді жоспарлауды үйренеді

03

Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктерін анықтайды

04

Бағалау құралдарын құрастыру механизмі мен қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмін игереді

Жоспары

1

Қалыптастырушы бағалау ұғымы, терминдері мен құрылымы

2

Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі

3

Сөйлеу әрекетінің түрлері мен қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері

4

Бағалау құралдарын құрастыру механизмі

5

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі

6

Қалыптастырушы бағалаудың маңызы

.

Қалыптастырушы бағалау ұғымы

Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.

Қалыптастырушы бағалау терминдері

Оқу мақсаттары– оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерден құралған тұжырым.

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.

Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе əрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.

Қалыптастырушы бағалаудың құрылымы

- Оқу мәдениетін дамыту;

- Оқушыларды жоспарлау кезеңіне қатыстыру;

- Белгілі оқу мақсаттарына қарай оқушылармен бірге бағалау критерийлерін түрлендіру;

- Сабақта талқылау және пікірсайыстарды қолдану;

- Оқушылардан, сыныптастарынан және мұғалімінен тиімді кері байланыс алуға мүмкіндік беру.

Кларк (2013)

- Оқу нәтижесінің айғақтары ретінде пайдаланылатын тапсырмалар мен сұрақтарды қолдану, сыныпта тиімді талқылау жұмысын жүргізу;

- Оқушыны дамытуға бағытталған кері байланысты ұсыну;

- Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру;

- Оқушыларды өз білімдерін өздері құрастырушы ретінде қалыптасуына мүмкіндік беру;

- Оқушыларды өзара оқыту ресурстары мен дереккөздері ретінде қолдану.

Блэк және Уильям (2009)

- Сыныпта мәдени орта құру;

- Оқу мақсаттарын тұжырымдау;

- Оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану;

- Оқушылардың материалдарды түсінгенін бағалайтын түрлі тәсілдерді қолдану;

- Анықталған қажеттіліктерге қарай оқу үдерісін бейімдеу және оқушыларға кері байланыс беру;

- Оқушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыру.

ЭЫДҰ (2008)

Қалыптастырушы бағалау үдерісі


Бағалау құралдарын құрастыру механизмі

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі


Оқу мақсаттарына шолу

Ойлау деңгейлерін сәйкестендіру
Бағалау критерийлерін анықтау
Тапсырмалар құрастыру
Дескрипторлар құрастыру
Нәтиже
Біз неліктен
бағалауды пайдаланамыз?
  • Ілгерілеуді өлшеу үшін;
  • Оқушыларды ынталандыру үшін;
  • Мұғалімдердің қажеттілігін анықтау үшін;
  • Өзара бағалау,
  • өзін-өзі бағалау үшін;
  • Тиімді кері байланыс беру үшін;
  • Оқу мақсаттарын бағалау үшін;

https://www.youtube.com/watch?v=CfYEPK7qMxA
Қалыптастырушы бағалау видео
  • Қалыптастырушы бағалау ұғымын түсіндіріңіз.
  • Қалыптастырушы бағалаудың құрылымын атаңыз.
  • Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісін сипаттаңыз.
  • Сөйлеу әрекетінің түрлерін атаңыз.
  • Тілдік пәндер бойынша қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктерін анықтаңыз.
  • Бағалау құралдарын құрастыру механизмін саралаңыз.
  • Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмін сипаттаңыз.
  • Қалыптастырушы бағалаудың маңызына тоқталыңыз.
  • Қалыптастырушы бағалау терминдерін сипаттаңыз.

Бақылау сұрақтары

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет