Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегияларының практикалық қолданысы



бет3/7
Дата10.02.2022
өлшемі155,71 Kb.
#25138
1   2   3   4   5   6   7
    Бұл бет үшін навигация:
  • Қызыл
Егер олар сенімсіз болса, сарымен.

  • Егер олар оны қалай орындауды түсінбеген болса, қызылмен.



    Сіз тестіні орындай алдыңыз ба: Аты:

    Қызыл

    Орындай алмаймын



    Сары

    Сенімді емеспін



    Жасыл

    Орындай аламын





















    «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет .

    Білімді тексеру мен бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы білім алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары, оқыту нәтижелерін бағалау ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

    Сонымен, дәстүрлі бағалауда бақылаудың барлық мүмкіншілігі мұғалімнің қолында болады: ол оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап көрсетеді. Өздік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын орындағанда көп жағдайда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жоғалады.

    Бүгінде еліміздің білім саласына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының бағалау тәжірибесі білім саласына енгізілуде. Тәжірибені жүйелі жүргізуге деңгейлік біліктілікті арттыру курстарының маңызы ерекше. Ұсынылып отырған бағалаудың жаңа тәсілдерде оқушылардың өзара бағалауы ынталандырылып, өзін-өзі бағалауға деген құқығын біледі, үдеріс пен оқыту нәтижесіне деген жауапкершілігі артып, өзін-өзі бақылауы күшейеді. Мұғалімнің қызметі төреші, бақылаушыдан көмекші, кеңесшіге ауысады. Бағалау үдерісінде мұғалімнің оқушымен өзара әрекеті үзілмейді, керісінше жаңа білімді игеру ынтымақтастығы жалғаса түседі. Аталған бағалаудың дәстүрлі және жаңа жүйелерінің салыстырмалы талдауы ұсынылып отыр [2].



    Дәстүрлі және жаңа бағалау жүйесін салыстырмалы талдау:

    • Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

    • Жаңа бағалау жүйесінің көрінісі

    • Бағалау субъект-объектілік өзара әрекеттесу үдерісі ретінде

    • Соңғы нәтиже бағаланады

    • Бағалау үзік-үзік орындалады

    • Бағалау нәтижесі – сандық белгі

    • Бағалау жеке пән мен тақырыпқа тоғысқан

    • Шектеулі икемділік пен білім көрінісі ғана бағаланады

    • Мұғалім төреші мен бақылаушы рөлінде шығады

    • Қорытынды және бақылау жұмыстарын орындағанда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жоғалады.

    • Мұғалім бағалайды

    • Баға әділдігіне ерекше көңіл бөлінеді

    • Баға ішкі факторларға құрылған

    • Басты назар оқушы білмейтіні мен істей алмағандығына аударылады

    • Бағалау топ немесе сынып ішінде салыстырмалы түрде өтеді

    • Бағалау жеке амалдармен шектелген (бақылау жұмысы, тест т.б.)

    • Бағалау кезінде алдын-ала жауабы дайындалған тапсырмалар басымдық көрсетеді

    • Білімнің белгіленген жетістігі ғана бағаланады

    • Жекелеп бағалау басым

    • Бағаның мәні – қатені көрсету

    • Оқушыларды бағалау жасанды, стрессті жағдайда өтеді

    • Бақылау мен бағалау тек мұғалімнің қолында

    • Мұғалім оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап көрсетеді.

    Бағалау субъект-субъектілік ынтымақтастық үдеріс ретінде

    • Нәтижеге бағытталған процесс бағаланады

    • Бағалау үздіксіз жүзеге асады

    • Оқытудың нәтижесі - оқыту табыстылығының сандық-сапалық көпөлшемді мінездемесі

    • Бағалау – бірізді және пәнаралық

    • Қолданбалы (өмірлік) білімдері мен іскерліктерінің енділігі мен тереңдігі бағаланады

    • Мұғалім жақтаушы әрі кеңесші рөлінде сөйлейді.

    • Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы үзілмейді, бағалау кезінде одан әрі ынталандырылады

    • Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен бірін-бірі бағалаулары барынша ынталандырылады

    • Бағалау мен өзін-өзі бағалау үйлесімділігіне ерекше көңіл аударылады

    • Оқушының нені білетіні мен не істей алатынына ерекше көңіл аударылады.

    • Өзге балалардың жетістігімен салыстырмай оқушыны өзінің жеке,бірегей ерекшеліктері бағаланады

    • Бағалау әртүрлі құралдарды (оқу портфолиосы) қолдануды қажет етеді

    • Бағалау кезінде ықтимал нұсқалы жауаптары бар «ашық» тапсырмаларды қолдану қарастырылады

    • Оқу нәтижесінің табыстылығына жұмсалған күш есепке алынады

    • Жеке бағалаумен қатар топтық, командалық бағалаулар жүргізіледі

    • Бағалаудың негізі-қателікті ескерту мен қателіктің алдын алу

    • Бағалау оқушылардың стресс пен күш салуларын болдырмайтын қарапайым жағдайларда жүргізіледі

    • Оқушылар өз бетінше жіберген олқылықтарын анықтап,мұғаліммен бірге оны жоюға тырысады

    • Бағалау кезіндегі сапалық ақпараттардың (эмоционалды факторлар, бастамалар, пәнге деген көзқарасы) маңыздылығы

    • Тұрақты өзара ықпал: үздіксіз оқыту-үздіксіз бағалау

    • Оқу бағдарламасы мен стандарт шегінен шығу мадақталады

    • Өзін-өзі бағалаудың әділдігі-білім көрсеткіші

    • Жұмыс түрі ретіндегі тек таза емес, шимай дәптерлердің өзі құнды

    Бағалаудың жаңа жүйесінде жиынтық бағалаумен қатар қалыптастырушы немесе формативті бағалау қолданылады. Жиынтық бағалаудың немесе Оқыту үшін бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

    Формативті бағалау немесе оқу үшін бағалау күнделікті әр сабақта жүргізіліп тұрады. Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Аталған бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді .

    Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет