Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегияларының практикалық қолданысы



бет6/7
Дата10.02.2022
өлшемі155,71 Kb.
#25138
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 - ТАҚЫРЫП. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегияларының практикалық қолданысы

«ФИШБОУН» әдісі арқылы қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету қаупін ашып көрсетіңіз.

Шешуші тармақтарға сүйене отырып, қарапайым тексеру тапсырмасын немесе тесті өткізіңіз. Олар оқушылар үшін кез келген қызметті қамти алады:



  1. негізгі фактілерді еске түсіруге арналған сұрақтар;

  2. бірқатар жай есептерді орындау;

  3. практикалық жұмыс;

  4. бірнеше қарапайым емтихан сұрақтары және т.с.с.

Оқушылар өздігінше бағалайды. Оқушылар өз жауаптарын Сіз беретін жауаптар үлгісімен салыстырады және өздеріне бағалар қояды. Сұрақтар жауап үлгілерін қабылдау үшін және өз жұмыстарына өзіндік бағалау үшін жеткілікті түрде жеңіл болуға тиіс.

Оқушылар өздері дұрыс түсінбеген сұрақтарды белгілейді және осы сұрақтарға дұрыс жауаптарды белгілейді. Олар аудиториядан тыс, дұрыс түсінбеген сұрақтармен жұмыс жасау үшін, тест көшірмелері мен жауап үлгілерін ала алады.

Оқушылар бірінше рет дұрыс жауап бермеген сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындайды. Олар балама түрде өздері дұрыс түсінбеген ұқсас сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындай алады. Бұны бірінші тестіден кейін бірнеше күн өткен соң орындауға болады және көп уақыт алмайды. Егер оқушыларға көп сұрақтарға жауап беру қажет болса, олар бұны бос уақыттарында жасай алады. Оқушылар сондай-ақ қайталайтын тестерді өздері бағалайды. Оқушылар кей жағдайларда осыған ұқсас, бірақ басқа тестіден өте алады.

Оқушылар кез келген жетістіктері туралы хабарлап отырады. Олар өздерінің алдына мақсат қояды, мысалы, 8/10 бағасын алу және олар көздеген мақсаттарына жеткенше жұмысты жалғастыратын болады.

Жоғарыда көрсетілген шешуші тармақтарды өзара түсіндірген кезде, оқушылардың материалды және оның құрылымын түсінгенін тексеріңіз, кем дегенде, оқыту пәніне «неліктен», «не» деген сұрақ қанша болса, сонша назар аударыңыз. Онда кейбір су асты тастары болатындықтан, осындай әдістеме туралы барынша толық түсінік алу үшін Джеффри Петтидің «Бүгінгі оқыту» қараңыз.

Оқушыларды сұрау және «таудың ұшар басына шығу». Бұл қол жеткен шеберлік деңгейінің тестісіне қарағанда, шамалы қатаңдау, сонымен қатар, барынша көңілдірек тапсырма. Мен барлық деңгейдің оқушылары үшін осы ойын нұсқасын сипаттаймын, бірақ ол барынша озық оқушылар үшін оңай бейімделген болуы ықтимал.

Өткен аптаның немесе екі аптаның оқуын, тақырыпшаларының жауаптары бар, қол жеткізген шеберлік деңгейінің үш немесе төрт сұрағын жазатын оқушылар командаларының арасында бөліңіз. (Блумның таксономиясы бойынша төменгі деңгей). Осы сұрақтар мен жауаптар маңызды материалдар бойынша құрастырылып, шынында да қол жеткен шеберлік деңгейінің сұрақтары болып табылатынына және жақсы жауаптар болатынына көз жеткізе отырып, тексеріңіз. Топтар одан әрі әрекеттер үшін өз карточкаларының жеткілікті көшірмелерін жасайды.

Төменде дағдыларды иелену тақырыбындағы ойын үшін сұрақтары бар карточка үлгілері берілген. Осы сұрақтар мен жауаптарды жазған оқушылар көп нәрсені үйреніп қалған. Сұрақтарды мәтіндік редактордағы кестеге салуға болады. (Егер сіз жолдар мен бағандарды біркелкі бөлу үшін «Автоіріктеуді» орнатсаңыз, онда барлық карточкалар бірдей өлшемде болады). Содан соң қажет болған кезде сіз әр тақырып үшін әртүрлі түспен жұқа карточкаларға басып шығара аласыз және сұрақтар жазылған карточкаларды кесе аласыз. Басқаша жағдайда, олар қолдан жазылуы мүмкін.


Сұрақ:
Қол жеткен шеберлік деңгейінің тестіне сұрақ қою үшін қолайлы екі басты сипаттаманы келтіріңіз


Жауап: 2-уін таңдаңыз:
Сұрақ өмірдегі білімді тексеріп, Блумның таксономиясы бойынша төмен деңгейде болуға тиіс.
Материал практикада қолданылған шығар

Сұрақ:
Қол жеткен шеберлік деңгейінің тестісі мен жай тесті арасындағы екі басты айырмашылықты келтіріңіз
Жауап: 2-інің біреуін таңдаңыз:
Оқушылар түзету жұмыстарын жасауға тиіс. Қорытындысында, барлығы тестілеуден өтеді. Мұнда бағалар қойылмайды, жай ғана өткені немесе әлі өтпегені анықталады. Сұрақтар Блум таксономиясы бойынша төмен деңгейлі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет