Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар 1-тоқсан. Бөлім: «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»



бет3/3
Дата19.10.2023
өлшемі361 Kb.
#119572
1   2   3
Байланысты:
5-synypa-aza-tl-pnnen-alyptastyrushy-baalaua-arnalan-tapsyrmalar

Бөлім: «Киіну. Сән. Талғам»
Тапсырма №7. Тірек сөздер арқылы суретке қарап, өз ойыңызды білдіріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Тірек сөздер: Ұлттық нақыш, сән әлемі, фестиваль, дизайнер, сәнгер
1. Әйелдің бас киімі, оның отбасы жағдайына тигізетін әсері туралы не білесіз?
2. Киімде бүкіл ұлттың, халықтың болмысы жатады деген ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
3. Ақ түстің қазақ халқы үшін қандай қасиеті барын білесіз бе?

_____________________________________________________________________________________________________




Тапсырма №8. Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
Жәудір: Назым, кешегі газетті оқыдыңыз ба?
Бота: Не боп қапты, Жәудір?
Жәудір: Газеттің төртінші бетін ашыңызшы.
Бота: Иә, аштым. Жәудір: Қай жарнамаға көзіңіз түсті?
Бота: Мына бір ерекше безендірілген жарнаманы бірден байқадым. Қара, қара, көйлектерге жеңілдіктер бар екен! Жәудір: Қойшы, рас па? Онда неғып отырмыз? Әдемі көйлектерден құр қалып қоймайық!
Бота: Жоқ. Бүгін бара алмайм.
Жәудір: Мен бүгін бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, көңілімді жайландырайын.

Мәтін

Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер




Не боп қапты, ...
Бара алмайм ...

_____________________________________________________________________________________________________




Тапсырма №9. Сіз - ұлттық нақыштағы заманауи сәнді киім үлгілерін тігетін жаңадан ашылған сән үйінің басшысысыз. Қазақстандықтарға сән үйіңіздің ерекше қызметтері туралы жарнама мәтінін жазыңыз (60-80 сөз).
_____________________________________________________________________________________________________


Тапсырма №10. «Сән үйінде» тақырыбында тілші мен сәнгер арасында сұхбат дайындаңыз. Сұхбат барысында төменде ұсынылған туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданыңыз.
Ұсынылатын сөздер: сән әлемі, ұлттық нақыш, заманауи үлгі, озық технология, заман талабы, әуесқойлық, кәсіпкерлік, көрікті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет