Бөлім: «Киіну. Сән. Талғам»
Тапсырма №7. Тірек сөздер арқылы суретке қарап, өз ойыңызды білдіріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Тірек сөздер: Ұлттық нақыш, сән әлемі, фестиваль, дизайнер, сәнгер
1. Әйелдің бас киімі, оның отбасы жағдайына тигізетін әсері туралы не білесіз?
2. Киімде бүкіл ұлттың, халықтың болмысы жатады деген ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
3. Ақ түстің қазақ халқы үшін қандай қасиеті барын білесіз бе?
_____________________________________________________________________________________________________
Тапсырма №8. Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
Жәудір: Назым, кешегі газетті оқыдыңыз ба?
Бота: Не боп қапты, Жәудір?
Жәудір: Газеттің төртінші бетін ашыңызшы.
Бота: Иә, аштым. Жәудір: Қай жарнамаға көзіңіз түсті?
Бота: Мына бір ерекше безендірілген жарнаманы бірден байқадым. Қара, қара, көйлектерге жеңілдіктер бар екен! Жәудір: Қойшы, рас па? Онда неғып отырмыз? Әдемі көйлектерден құр қалып қоймайық!
Бота: Жоқ. Бүгін бара алмайм.
Жәудір: Мен бүгін бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, көңілімді жайландырайын.
Достарыңызбен бөлісу: |