Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет37/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
2-ФО Қазақ тілі (Т1) 3-сынып

 
 
• 
Өлеңдегі ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркестерін теріп жаз. Оларды қандай 
сөздермен алмастырып айтуға болады? Кестеге жаз. 
• 
Сөздерді тура мағынасында қолданып, сөйлем құрастыр.
Сөз тіркестері 
Түсіндірмесі 
Дескриптор 
Білім алушы  

ауыспалы мағынада қолданылған сөз тіркестерін анықтайды;

ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын сипаттайды;
-
сөздерді тура мағынасында қолдануға мысал келтіреді.
Жылы жүрек, тәтті тіл
Берекені берер, біл. 
Ащы сөзді –өзімшіл, 
Өнері оның қалар тұл. 
Қатесін тапсаң, жұмсақ айт 
Ызаланбай сабыр қыл. 
Ш. Құдайбердіұлы 
60 


Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 
Оқу мақсаты 
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 
сұрақтар құрастыру және жауап беру 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін 
сұрақтар құрастырады 
• 
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінді түсініп оқы. 
• 
Сұрақтарға жауап бер.
1) 
Жігіт қарттың сұрағына қалай жауап берді? 
2) 
Қарт жігіттің сөзімен келісті ме?
Жұптық жұмыс
• 
Мәтін бойынша жұбыңның пікірін білуге бағытталған 1 сұрақ қой. 
• 
Жұбыңның саған қойған сұрағына жауап бер.
Дескриптор 
Білім алушы  

мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ қояды;

сұрақтың құрылымын сақтайды;

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды. 
Дос табу оңай ма? 
Бір жігіттен: 

Дос табу оңай ма? – деп сұрапты қарт кісі. 

Ата, дос табу ақымаққа оңай, ақылдыға қиын, - депті жігіт. 

Жоқ, балам, ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп 
болғанмен жақсылары жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында 
жатады. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең досты іздемей-ақ табады. 
Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің 
шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, - депті қарт сонда. 
61 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет