Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Автобустың іші ыстық. Бос орын жоқ. Әр аялдама сайын бірі түсіп, екіншілері кіріп жатқан жолаушылар.
Бір аялдамадан автобусқа қарт адам кірді. Жан-жағына қарады. Бос орын жоқ екенін көрді де, отырған екі баланың жанына келіп тұрды. Екеуінің мойындарында асып алған әдемі теннис ракеткаларының қабы бар екен. Өзара күліп, теледидардан көрген спорт жарысын талқылап отыр. Олар ақсақалды көрмегендей болып отыра берді. Балалардың ісіне ренжіген қария:
Қарақтарым, тұрмай-ақ қойыңдар, отыра беріңдер. Жас кездеріңде жақсылап күш жинап алыңдар - деді.
Қарияның сөзінен ұялған балалар келесі аялдамада автобустан түсіп кетті.
Балалар автобустан не себепті түсіп қалды?
Қария оларға қандай сөз айтты? Неліктен?
Мәтіннен қандай ой түйдің?
Күнделікті өмірде мұндай жағдаяттар кездесе ме? Осыған ұқсас өзің куә болған/ оқыған/ естіген оқиғалар туралы жұпта әңгімеле.
|