Дескриптор Білім алушы
екі бағандағы ақпараттарды мазмұнға сай бір-бірімен сәйкестендіреді.
Оқу мақсаты
|
5.2.1.1Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Ойын жеткізуде жаңа сөздерді антоним, омоним, синонимдермен бірге қолданады
Ойын еркін жеткізеді
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Қолдану
|
1-тапсырма
Тұмар ханшайым туралы алдыңғы сабақта алған мәліметтер бойынша А3 парағына 1 сурет және суретке қатысты 3 сөзді синонимімен жазыңыз. Жұбыңызға салған суретіңізге қатысты ақпарат беріңіз. Ақпаратта сөздерді синонимдерімен бірге қолданыңыз.
Үлгі:
Соғыс, шайқас
Қулық, арамдық
Батыл, қайсар
Дескриптор Білім алушы
Тұмар ханшайым туралы алдыңғы сабақта алған мәліметті еске түсіреді;
мәлімет бойынша 1 сурет салады;
суретке қатысты 3 сөзді синонимімен жазады;
жұбына сурет бойынша ақпарат береді;
ақпаратында жазған сөздерін синонимімен қолданады.
|
2-тапсырма
Жұбыңызбен берілген мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына берілген антонимдердің ішінен мағынасына қарай қажеттісін қойыңыз. Мақалдың мағынасын жұпта талдап, келесі жұпқа антонимдерді қолдана отырып түсіндіріңіз.
1.Туған жердің ......... де ыстық, ........... де ыстық. (күн-түн; ай -күн)
2.Ер жігіт ел үшін ............,
Ел үшін .............. (туады-өледі, жеңеді-жеңіледі )
3. .............. бір рет өледі,
.............. мың рет өледі. (батыр, қорқақ; адал,арам)
4.Ақылдан жақын .......... жоқ,
Ашудан жаман ............. жоқ. (дос-қас, қуаныш-қайғы)
5. ............. күлдіріп айтады,
............жылатып айтады. (дұшпан-дос, ақымақ-ақылды)
6.............. құрмет, ............... ізет. (үлкен-кіші, жақсы-жаман )
Дескриптор Білім алушы
мақал-мәтелдің мағынасына сай антоним сөзді анықтайды;
мақал-мәтелдің мағынасын жұбымен талқылайды;
өзге жұпқа мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді;
антонимдерді қолданады.
|
Оқу мақсаты
|
5.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |