(https://www.youtube.com/watch?v=96Bi_J-MeR4 сілтемесі бойынша «Бүгін Таразда «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі ашылады» бейнебаяны оқушыларға алдын ала көрсетіледі)
Сіз Тараз қаласындағы «Қазақ хандығына 550 жыл» монументінің ашылу салтанатына қатыстыңыз. Бейнебаянда көрсетілген, тыңдаған ақпараттарды негізге ала отырып, алған әсеріңіз туралы досыңызға хат жазыңыз (70-80 сөз).
Дескриптор Білім алушы - кіріспе бөлімде досымен амандық сұрасады, хат жазудың мақсатын жеткізеді;
- негізгі бөлімде монументтің ашылуы, ерекшелігі туралы жазады;
- қорытынды бөлімде салтанатты ашылудан алған әсерімен бөліседі, қоштасады.
2-тапсырма
Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесінің Тараз қаласында тойланатындығы туралы қазақстандықтарға және қала тұрғындарына хабарландыру жазыңыз. Хабарландыру мазмұнында мерекенің өтілу мерзімі, уақыты, орны, мерекелік бағдарламаның қысқаша мазмұны туралы ақпарат беріңіз.
хабарландыруда ұйымдастырылатын мерекелік шаралар (қазақ хандарының шеруі, театрландырылған қойылым, ұлттық ойындар, эстрада жұлдыздарының концерті, т.б.) туралы ақпарат береді;
соңында хабарландырушы мекеменің атын көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.5.1.4 Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану