Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті


-тапсырма Мәтінді екінші рет тыңдап, мәтіндегі төрт нақты ақпаратты кластер сызбасы арқылы көрсетіңіз. Дескриптор



бет46/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Байланысты:
!12 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т2 5-сын

2-тапсырма
Мәтінді екінші рет тыңдап, мәтіндегі төрт нақты ақпаратты кластер сызбасы арқылы көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы

  • кестедегі ақпараттардың мәтінге сай дұрыс, бұрыс екенін белгілейді;

  • мәтіндегі 4 нақты ақпаратты кластерге жазады.



Оқу мақсаты

5.3.6.1 Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіруде жаңа сөздерді қолданады


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма



Мәтінді мұқият оқып, ондағы мәселені анықтаңыз. Жаңа сөздерді қолдана отырып, ПОПС формуласы бойынша мәселеге қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Ахмет ақсақал балаларды бастарынан сипап өтті де, шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады. Ертеңіне Ахмет көрші ауылдан Сейітбек қожаны алып келіп, баласын сүндетке отырғызды. Кешке бүкіл ауылды баласының тойына шақырды. Жылы төсекте жатып ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер таңертең Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.
Көп ұзамай Ахаң ауыл тұрғындарымен бас қосқан жерде үнемі баласы туралы әңгімелейтін болды.
- Өзі ұғымтал,- дейді мақтанып. - Аса зерек. Бірақ биыл мектепке бермеймін. Тілі жаттықсын...
- Тіпті бөтендігі жоқ,- дейді қуанып. Алғашқы күндері үркек еді. Қазір мені мен шешесін қойшы, осы бәріңе, бүкіл ауылға бойы үйреніп қалды.
Зигфрид кекшілдігі жоқ, жайдары бала боп шықты. Көбіне жалғыз ойнайды. Әкесінің тымағын киіп алып, көк шыбықты ат қып мініп алып, күні бойы үй маңында асыр салады. Ептеп қазақша сөйлей бастағаннан бері ауыл балаларымен арадағы алалық азайды. Кейбір балалар өзі іздеп келіп ойнайтын болды. Зигфрид кім келсе де жақсы қарсы алады. Бар-жоқты адал бөлісіп жейді.
(143 сөз)

ПОПС формуласы



  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, мәтінде ....... мәселе көтерілген »

  • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

  • Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.... ». 



Дескриптор Білім алушы

  • мәтіндегі мәселені анықтайды;

  • мәселені бірінші формулаға салады;

  • екінші формулада оның неге мәселе екендігін айтады;

  • үшінші формулада пікіріне қатысты 2 дәлелді мәтіннен немесе өмірден келтіреді;

  • төртінші формулада мәселеге қатысты қорытынды ой айтады.





Оқу мақсаты

5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет