Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет48/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
!12 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т2 5-сын

_______________________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнына сай келетін 2 ақпаратты анықтайды;
- мәтінге сөз немесе сөз тіркесімен ат қояды.






Оқу мақсаты

5.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Тақырыпқа байланысты мәліметтерді іріктейді

  • Іріктелген ақпараттарды жинақтайды




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, ақпараттарды кестедегі бағандарға сай іріктеңіз.

Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді, жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. (127 сөз)





Білемін

Білдім

Білгім келеді









Дескриптор Білім алушы

  • мәтіндегі бұрыннан білетін ақпараттарды «білемін» бағанына толтырады;

  • мәтінді оқу арқылы білген ақпараттарын «білдім» бағанына жазады;

  • мәтіндегі ақпарттардан нені білгісі келетінін «білгім келеді» бағанына жазады.







Оқу мақсаты

5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет