Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет50/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
!12 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т2 5-сын

Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Сұрақтарға мазмұны бойынша жауап береді




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну



Тапсырма

Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға өз сөздеріңізбен 1 сөйлеммен жауап жазыңыз.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. 19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
(129 сөз)

Сұрақ

Жауап

Әлия хатында не туралы жазды?




Соғыстағы достары Әлияны қалай атаған?




Әлия Молдағұлованың ерлігі қалай марапатталды?




Дескриптор Білім алушы
- сұраққа жауапты өз сөзімен жазады;
- жауапты мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен береді.




Оқу мақсаты

5.2.2.1 Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет