Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет22/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Бағалау критерийі



Білім алушы



Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану






Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінге сәйкес мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты берілген ашық сұрақтарға жауап беріңіз.

Халықаралық сарапшылар 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызы тұщы су жетіспеушілігінен зардап шегетінін айтады.


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Муннің: «Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады» деген сөзінің өзі қауіп-қатердің мәнін байқатады. Ұйымның Бас хатшысы бекер алаңдамайды. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де дәлелдей түседі. БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мега­полисі құбырлар арқылы келетін тазартыл­ған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Құрғақшылық, әсіресе, Африка мен Қытай елдерінде де қатты білінетін болады. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға көше бастайды екен. Бұдан бөлек, 2025 жылы әлемдік нарықта су экспорты халықаралық алып бизнеске жол ашады. Ғаламшардағы су тапшылығы мәселесі суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға әкеледі. Ауыз судың бағасы мұнай бағасынан да бірнеше есе қымбат болады. Бұл болашақта күрделі мәселеге айналып, ауыз су үшін болатын соғыстарға әкелуі мүмкін.
Қазақстан да су тапшылығы мәселесі бар елдердің қатарына жатады. Біздің еліміз жерүсті суларына қарағанда, жерасты суларына өте бай. Бірақ осы байлықты еліміз тиімді пайдаланбайды.
(151 сөз)
1. Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
А. Ауыз су тапшылығы
В. Суды тазарту
С. Суды сақтау
Д. Суды үнемдеу

2. Тұщы судың жетіспеушілігінен болашақта қандай мәселелер туындауы мүмкін?


А._____________________________________________________________________ В._____________________________________________________________________
3. Қазақстанда ауыз су мәселесін қалай шешуге болады?
А._____________________________________________________________________ В._____________________________________________________________________


Дескриптор Білім алушы

  • мәтінге сай мәселені анықтайды;

  • тұщы судың жетіспеушілігінен туатын 2 мәселені анықтайды;

  • Қазақстандағы ауыз су мәселесін шешудің 2 жолын ұсынады.







Оқу мақсаты

5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет