Тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Туризм – француз тілінен аударғанда «серуендеу», «жол жүру» деген мағынаны білдіреді. Туризм - адамның бос уақытында басқа бір жерге ерікті түрде саяхаттап, серуендеп баруы. Адамдар саяхатқа көңіл көтеру, демалу үшін, яғни рухани қажеттілігі бойынша барады. Жақын жердегі қысқа мезетте орындалатын түрі -серуен деп аталса, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат деп аталады.
Сұрақтарға жауап бер.
Мәтін не туралы?
Туризм сөзі қандай мағына береді?
Серуен мен саяхаттың қандай айырмашылығы бар?
Жұптық жұмыс Дереккөздерден туризм, оның түрлері туралы ақпарат ізде.Туризм түрлеріне сипаттама бер. Жинақтаған ақпараттарды кестеге түсір және басқалармен ой бөліс.