Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты
|
2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
және жауап береді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Марс – қызыл планета. Оның бетін қызыл түсті тозаң жауып тұрады. Жел тұрған кезде сол тозаң көтеріледі. Біраздан соң қызыл бұлтқа айналады. Марстағы жартастардың құрамында темір көп. Сол темір тотыққан кезде қызыл күрең түске енеді.
Жұптық жұмыс
Мәтіннің мазмұны бойынша жұбыңа 1 сұрақ дайында.
Сұрақ: ___________________________________________________
Жұбыңның құрастырған сұрағына жауап бер.
Жауап: ___________________________________________________
|
Дескриптор
|
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша бірінші сұрақ қояды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- сұрақтың құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
|